Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 535

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » "ҚЫЗЫЛҚҰМ" ЖШС ҚҰРЫЛҒАНЫНА 20 ЖЫЛ

"ҚЫЗЫЛҚҰМ" ЖШС ҚҰРЫЛҒАНЫНА 20 ЖЫЛ


Бүгін ауданымыздағы ірі уран өндіруші кәсіпорын «Қызылқұм» ЖШС құрылғанына 20 жыл толуына орай кәсіпорын аумағында салтанатты шара өтті.
Мерейтойға орай ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Мажит Самитов, аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек Ғалымжан, «Қызылқұм» ЖШС бас директоры Бағдат Айдүйсенов, сала ардагерлері мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Шараның алғы сөзі аудан әкімі Мажит Самитовке беріліп, аудан басшысы барша ұжым қызметкерлерін құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
– Бүгінде уран өндірісі аймағымыздың, оның ішінде киелі Жаңақорған ауданы экономикасының негізгі тірегіне айналды.
Еліміздің атом өнеркәсібін дамытуға серпін берген «Қазатомпром» ұлттық компаниясы құрылғалы бері Қазақстан уран өндірісі бойынша әлемдік көшбасшыға айналып, бүгінде дүниежүзілік атом энергетикасы сұранысының шамамен 40 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Осы үлкен жетістікке «Қызылқұм» ЖШС-нің де қосып отырған үлесі айрықша. Құрылған күнінен бастап компания жылдық қуаттылығын арттыра отырып, бүгінде 2000 тоннаға дейін уран өндіруге қабілетті деңгейге жетті. Бұл ұжымның тынымсыз еңбегінің, кәсіби біліктілігінің нәтижесі - деді аудан әкімі.
Шара барысында аудан басшысы кәсіпорында қажырлы қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтарға облыс әкімінің алғыс хаттарын табыстаса, "Қызылқұм" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Бағдат Айдүйсенов қызметкерлерді мерекелік төсбелгісімен марапаттады.

Мұнан соң мерекелік шара өнер жұлдыздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
18 қыркүйек 2025 ж. 1 356 0