№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Атом электр энергиясы - ел дамуының негізгі

Атом электр энергиясы - ел дамуының негізгі




Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында АЭС салу бойынша референдум өткізуді жариялаған болатын. Осыған орай ел арасында халықпен кездесу ұйымдастырылуда. Бүгін аудандық Халықтық штаб мүшесі Жарқынбек Ғалымжан мен Арман Мажитов "Қызылқұм" ЖШС қызметкерлерімен кездесті.
– Қазір әлемде 415 атом электр станциясы жұмыс істеп тұр. Тағы 59 атом электр станциясы салынып жатыр. Егер елімізде құрылыс жұмыстары басталатын болса кемінде 7000 адам жұмысқа таратылып, жұмыс көздері ашылады. Ал атом электр станциясы іске қосылғанда 2000 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деуге болады. Осы ретте айта кетейік, казіргі таңда елімізде - 46 күн, 59 жел электр станциясы жұмыс істеуде. Өкініштісі бұлар елдегі электр энергиясының тек 6 пайызын ғана өндіріп отыр. Ал Атом электр станциясы осы олқылықтың орнын толтыратынына сенiм мол, – деп жан-жақты ойын білдірді Ғалымжан Жарқынбекұлы.
Жиын барысында штаб мүшесі атом электр станциясын (АЭС) салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын кеңінен баяндап, АЭС төңірегінде туындаған негізсіз үрейлерді сейілтуге бағытталған маңызды ойларын ортаға салды, әрі станцияның экологиялық және экономикалық пайдасына тоқталды.
Кездесуде ұжым қызметкерлері референдум АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, АЭС салуды қолдайтындықтарын жеткізді.
01 қазан 2024 ж. 126 0