МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін "Руханият" орталығында жергілікті өнім өндіруші кәсіпкерлердің өнімдерін қолдау мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Арнайы кездесуге «СКЗ-U» ЖШС бас директоры Орынбасаров Сағыныш Алмасбайұлы, «Байкен-U» ЖШС бас директоры Оспанов Руслан Берікұлы, «Қызылқұм» ЖШС бас директоры Айдүйсенов Бағдат Абжаппарұлы, «Жаңақорған Транзит» ЖШС бас директоры Сансызбаев Ахметжан Бәкірұлы қатысты.
Сонымен бірге бүгінгі кездесуге ардагерлер, білім беру мекемелерінің басшылары мен мектептерді ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлер қатысты.
Өндіріс орындарының өкілдері алдымен ауданда шығарылған өнімдер көрмесімен танысты. Сондай ақ, өндіріс орындары қолдау білдіруге ниет білдіріп, тапсырыс беретінін жеткізді.
Кездесуді аудан әкімі Мажит Самитов ашып, ауданда атқарылған жұмыстарды және алдағы міндеттерді айтып өтті. Барлық қатысушыларға алғысын айтып, ыстық ықыласын білдірді. Өндіріс саласындағы кәсіпорын басшыларының атынан “Қызылқұм” ЖШС бас директоры Айдүйсенов Бағдат Абжаппарұлы сөз сөйлеп, аудан кәсіпкерлеріне сәттілік тілеп, жергілікті өнімді әркез қолдайтынын жеткізді. Одан соң аудандағы өнім өндіруші кәсіпкерлер атынан Шолпан Жәдігерқызы жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасовта өз пікірін ортаға салып, аудан әкімдігі мен кәсіпорындарға жаңақорғандық бизнес өкілдеріне қолдау көрсетіп келе жатқанына алғысын білдірді.
Кездесу барысында жиналыстың басты құжаты болып саналатын Өндіріс орындарының басшыларымен қол қойылып, меморандум жасалды.
Шара соңында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай аудан басшысы нәзік жанды кәсіпкерлерді құттықтады.