Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАЙЫҚ

БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАЙЫҚ


“AMANAT” партиясы Жаңақорған аудандық филиалы аудан көлемінде игі дәстүрге айналған “Баланы мектепке дайындайық” республикалық акциясын ұйымдастырды. Бұл бастама – жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларын мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, олардың білім алу жолындағы алғашқы қадамына қолдау көрсетуге бағытталған.
Филиал төрағасы Арман Мажитов жиналғандарға арнаған сөзінде білімнің – елдің болашағына салынған ең маңызды инвестиция екенін атап өтті. Ол: «Бүгінгі балалар – ертеңгі ел тұтқасы. Олардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуы – біздің ортақ міндетіміз. Сондықтан әр баланың мектепке толық дайын болып баруына қоғам болып үлес қосуымыз қажет», – деп, акцияға қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді.
Шара барысында ауданның түрлі елді мекендерінен келген оқушыларға сөмкелер, дәптерлер, қалам-қарындаштар, оқу-әдістемелік құралдар және спорттық жабдықтар табысталды. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен ата-аналардың ризашылық көңілі акцияның басты нәтижесі болды.
“AMANAT” партиясының бұл игі бастамасы аудан көлемінде әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға, қоғамда мейірім мен қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосып келеді.
24 тамыз 2025 ж. 1 000 0