«Баланы мектепке даярлайық!» акциясы

Аудандық партия филиалының төрағасы Арман Әбілпейсұлы : «Жылдағы дәстүрге сай биыл да «Баланы мектепке даярлайық» акциясын ұймдастырып отырмыз. Біздің мақсатымыз – болашақ елдің тірегі жас талапкерлерге оқуда озат болып, елдің көшін алға сүйрейтін алып тұлға болсын деген ізгі ниет ғана. Сондықтан әрбір оқушының талабын жанып, жігерін қайрап, үмітін үкілеп, оқуға деген ынтасын арттырғымыз келеді. Әрбір оқушының жаңа оқу жылына тыңғылықты дайындықпен баруына ұйытқы болсақ, бұл біздің еліміздің болашағаына қосқан үлесіміз! , – деді.
Періште пейілді балалардың жанарынан қуанышты көру қандай ғанибет! Олар – біздің болашағымыз. Балалардың көңіліндегі қуанышты көрген ата-аналар да алғыстарын жаудырды.