№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әрбір оқушы сапалы білім алуға міндетті

Әрбір оқушы сапалы білім алуға міндетті

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов фейсбуктегі парақшасында тамызда басталатын «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы науқандық емес, он екі ай бойы жүйелі жүргізелетіндігін жазды. Осыны бағыт еткенЖаңақорған аудандық білім саласы кәсіподақ комитеті мен «Жаңа толқын» жастар кеңесінің ұйытқы болуымен «Мектепке жол» акциясы жалғасын тапты.

Иә, кәсіподақ ұйымы жылдағы игі дәстүрінен жаңылмай білім мекемесінде жұмыс жасайтын әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларын қажетті оқу құралдармен қамтамасыз етті.
– Шара аясында 79 отбасына 1 422 000 теңгенің көмегі көрсетілді. Бірінші кезекте әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасының балаларына басымдық берілді. Оларға қыстық сыртқы киім (куртка), оқу құралдары салынған сөмке мен қашықтан оқытуда таптырмас құрал WIFI РОУТЕР-лер табыстлды. Елбасының бастамасымен қолға алынған бұл акцияға үлес қосып, көмекке мұқтаж жандардың қажеттілігін өтеу басты парызымыз. Өйткені біз үшін әрбір оқушының сапалы білім алғаны маңызды, – деді аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Елшібек Сатершинов.
Комитет жанынан қолдауды сезінген Анар Болатқызы үш баланың анасы. Үшеуі де мектеп қабырғасында білім алады. Олар әзірге қашықтан оқып, білім алуда. Компьютер алып беруге ата-анасының жағдайы келмейді. Ал интернеттің қиындығы бөлек әңгіме. Сондықтан WIFI РОУТЕРГЕ ие болған баласы үшін әр ата-ана қуанышты. Акция аясында жасалған сыйлыққа қуанған отанасы: «Қазақта бір-бірін демейтін дәстүр ежелден бар.  Сондай сабақтастық жалғасын тауып, балаларға сапалы білім беруге бағытталған іс-шара барысы қуантты», – деп ризашылығын білдірді.
Иә, ертеңгі күні елге ие болып, тізгін ұстар жастар бүгінгі мектеп оқушысы десек, олардың инемен құдық қазғандай етіп жинар білімі назардан тыс қалмауы тиіс. Жаңақорғандық кәсіподақ ұйымының осы міндетке көңіл бөліп, әр балаға қуаныш сыйлағыны бізді де қуантты.
15 қыркүйек 2020 ж. 650 0