Жүректен шыққан әуен мен қимылдың үйлесімі–би
Би өнері – жүректен шыққан әуен мен қимылдың үйлесімі. Бүгінде Жаңақорған ауданында осы өнердің дамуына үлес қосып, нәзік өнердің нақышын өзіндік стилімен өркендетіп келе жатқан – Назерке Қасымханқызының еңбегі айтуға тұрарлық.
Назерке жастайынан би өнеріне құмар болып өсті. Жылдар бойы түрлі би бағыттарын меңгеріп, шеберлігін шыңдады. 2005 жылы ауданымыздағы Әлшекей атындағы өнер мектебінің би сыныбында, ауданға белгілі ұстаз Гүлнар Ибадуллаеваның жетекшілігімен өнер әліппесін түсініп, қанаты бекіді. Мектепті бітіргеннен кейін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Хореография» факультетіне оқуға түсіп, оқумен қатар бүлдіршіндерді би өнеріне баулыған. Алғашқы шәкірттері Қызылорда қаласындағы «Анар бэби» орталығы бүлдіршіндері.
Бүгінде өзі жинаған тәжірибесі мен білген өнерін кейінгі буынға үйретіп, шәкірт тәрбиелеуде. Аудан көлемінде ғана емес, облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарда шәкірттері жүлделі орын алып, өңірдің мерейін үстем етіп жүр.
Өзі студент кезінен еңбекке араласып, түрлі сайыстарға қатысып келеді. Сондай бір байқауда Қазақстан халықтар Ассамблеясы жанынан құрылған «Славяне» этномәдени бірлестігінің басшысы Галина Сергейқызымен кезігіп, Назеркенің бойындағы өнерін бағамдап, келешек өміріне бағыт-бағдар береді. Яғни, Мәскеу қаласына барып, Игорь Моисеевтің мектебінен білім алу мүмкіндігі бұйырады. Атақты хореографтан білім алып, өзін жан-жақты жетілдіреді. Елге келгеннен кейін Қазақстан халқы Ассамблеясында хореограф болып жұмысқа орналасады. 60-қа жуық түрлі ұлт өкілдерінің балаларына сабақ береді. Ал, бүгінде өзінің туған жеріне келіп, өзінің жеке би студиясын ашып, «Назды еркем» би тобын құрып, жұмысын жандандырып келеді. Оқушыларының барлығы дерлік Қызылорда, Шымкент, Алматы қалаларында өткен республикалық байқаулардың Гран При иегерлері атанып жүр.
Би өнерінің бапкерін бүгінде аудан халқы жақсы таниды. Оның балалар мен жасөспірімдерді ғана емес, ауданымыздағы қыз-келіншектердің де салауатты өмір салтын ұстануына үлес қосып жүрген еңбегі ерекше қуантады. Назерке Қасымханқызы ауданда алғаш болып зумба орталығын ашты. Мұнда әйелдер мен қыздар би қимылдары арқылы дене сымбатын сақтап қана қоймай, көңіл-күйін көтеріп, белсенді өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік алып отыр.
Зумба – жаттығу ғана емес, бұл – ырғаққа толы қуат, сергектік пен шаттық сыйлайтын ерекше бағыт. Орталыққа келушілер мұнда жаңа достар тауып, бір отбасының мүшесіндей араласып жүргені көңіл қуантады.
Назерке Қасымханқызының еңбегі – тек би үйрету емес, адамдардың өміріне жарық пен қуаныш сыйлау. Ол еңбекқорлығы мен таланты арқылы өңіріміздегі мәдени өмірді жандандырып, салауатты өмір салтын насихаттап жүр.
Ақмарал Тасыманова
Назерке жастайынан би өнеріне құмар болып өсті. Жылдар бойы түрлі би бағыттарын меңгеріп, шеберлігін шыңдады. 2005 жылы ауданымыздағы Әлшекей атындағы өнер мектебінің би сыныбында, ауданға белгілі ұстаз Гүлнар Ибадуллаеваның жетекшілігімен өнер әліппесін түсініп, қанаты бекіді. Мектепті бітіргеннен кейін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Хореография» факультетіне оқуға түсіп, оқумен қатар бүлдіршіндерді би өнеріне баулыған. Алғашқы шәкірттері Қызылорда қаласындағы «Анар бэби» орталығы бүлдіршіндері. Бүгінде өзі жинаған тәжірибесі мен білген өнерін кейінгі буынға үйретіп, шәкірт тәрбиелеуде. Аудан көлемінде ғана емес, облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарда шәкірттері жүлделі орын алып, өңірдің мерейін үстем етіп жүр.