Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

«АБАЙ ӘЛЕМІ»


Бүгін «Руханият» орталығында ғұлама, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай әлемі» атты әдеби кеші "Өнер" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен өткізілді. «Бұл кештің мақсаты – Абайдың шығармашылығын насихаттау.
Жас буынды өз елін, жерін сүйетін, өзін сыйлайтын, халқын сыйлайтын, елге пайдасы тиетін азат қылып өсіруге атсалысу».
Жастардың айтуынша, Абайдың 180 жылдық мерейтойы — тек бір ақынның жылдығы емес, ол бүкіл қазақ халқының рухани мұрасын қайта бағалап, оның терең философиясын бүгінгі күн тұрғысынан түсінуге ерекше мүмкіндік. Оқушылар Ұлы ақынның қара сөздерін оқып, өлеңдерін жатқа айтты.
Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ алтын қазынасы. Жылдар өткен сайын халқымыз ғұлама ақынның рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түсуде.
08 тамыз 2025 ж. 1 134 0