Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ҰЛАҒАТЫ МОЛ ҒҰМЫР: Өмірсерік Исабекұлы Тақырбасов – 75 жаста

ҰЛАҒАТЫ МОЛ ҒҰМЫР: Өмірсерік Исабекұлы Тақырбасов – 75 жаста


Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшысы Мажит Самитовтың модераторлығымен Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қаржы саласының ардагері Өмірсерік Тақырбасовтың 75 жас мерейтойына арналған «Ұлағаты мол ғұмыр» атты салтанатты жиын өтті.
Салтанатты шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қоғам қайраткерлері Бекмырза Еламанов, Қалқазбек Әжібеков, Әнуар Қалтаев, Бақыт Нұртазаев, Салхадин Мырзабеков, Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдары мен кәсіпорындардың басшылары, зиялы қауым өкілдері, аудан ардагерлері мен ел ағалары арнайы қатысты.
Жиын барысында аудан әкімі аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың мерейтой иесіне арналған арнайы Құттықтау хатын оқып, Қызылорда облысының ең жоғары марапаты «Құрмет» грамотасын табыстады. Сондай-ақ, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.
Салтанатты жиын мерейтой иесінің өнегелі өмір жолын баяндайтын бейнероликпен басталып, одан әрі естеліктерге толы жылы лебіздермен жалғасты.
Құттықтау сөздер легін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қоғам қайраткерлері Бекмырза Еламанов, Қалқазбек Әжібеков, Салхадин Мырзабеков, Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев, Шиелі ауданының Құрметті азаматы Сұлтанбек Оразымбетов, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы Әбутәліп Сүйіндіков жалғастырып, мерейтой иесінің ел дамуына сіңірген ерен еңбегін атап өтті.

Шара соңында Өмірсерік Исабекұлы қорытынды сөз алып, барша қатысушыларға шынайы алғысын білдірді.
07 тамыз 2025 ж. 703 0