№37 (8951) 19

19 мамыр 2026 ж.

№36 (8950) 16

16 мамыр 2026 ж.

№35 (8949) 13

13 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ АЙСАРА НӘЛІБАЕВА 70 ЖАСТА

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ АЙСАРА НӘЛІБАЕВА 70 ЖАСТА


Бүгін аудан әкімі Мажит Самитов Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, білім саласының ардагері Айсара Машбекқызын арнайы қабылдап, 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Аудан басшысы туған жердің әлеуметтік - экономикалық дамуына лайықты үлес қосқан мерейтой иесіне алғысын айтып, ақ тілегін жаудырды. 70 жасты бағындырған ардагер анаға «Құрмет грамотасын» табыстап, сый - сияпат көрсетті.

Аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі Даулет Қалдыбаев, білім саласының ардагері, ұстаз Күләнда Жақыпбекова, әлеуметтік сала ардагері Аягөз Айдосова мерейтой иесіне ақжарма тілегін ақтарды.

Сондай-ақ, айтыскер ақын Әбілқайыр Сыздықов мерейтой иесіне арнаған өлеңін оқып, ізгі лебізін жеткізді.

Құрметке бөленген ардагер ұстаз аудан басшылығына ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.
14 ақпан 2025 ж. 719 0