Құрылтай

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

№55 (8969) 25

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ


«27 ақпан – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне» арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиынға аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов, "Құрмет" орденінің иегері, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы Бахыт Әбдіғаппарұлы Нұртазаев, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, сала ардагерлері, сарапшылар, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Мерекелік жиынға қатысушыларды қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Берденұлы құттықтап, ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, азаматтық қоғам институтының дамуына атсалысып жүрген "Ардагерлер ұйымының Жаңақорған ауданы бойынша қоғамдық бірлестігі" төрағасының орынбасары Айнақожаев Пахмаддин Айнақожаұлына, "Халықаралық "Қазақ тілі қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы Ізатулла Нарзилдаевқа, "Жаңақорған аудандық Ауғаныстан ардагерлері және патриот жастары" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абилакимов Қуаныш Мұсаұлына аудан әкімінің Құттықтау хатын табыстады.
27 ақпан 2025 ж. 285 0