Ааудандық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумы
"Руханият" орталығының конференция залында аудандық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумы отырысы өтті. Іс-шараға аудан әкімі Мажит Самитов, аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов, пленум мүшелері, бастауыш ардагерлер кеңестерінің төрағалары, кент және ауыл әкімдері, ауданның ардагерлер ұйымдарының белсенділері қатысты.

Аудандық ардагерлер Кеңесі Пленумының күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылды:
1. Аудандық ардагерлер кеңесінің 2024 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы;
2. Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Басты мақсат – азаматтардың әл – ауқатын арттыру» тақырыбында Үкімет отырысында көтерген мәселелері туралы;
3. Ұйымдастыру мәселесі.
Жиынды ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Исабекұлы жүргізіп, өз баяндамасында аудандық ардагерлер кеңесінің 2024 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы айтты.
Өз сөзінде аудан әкімі ауданда атқарылған жұмыстар мен ардагерерге көрсетілген құрмет пен алдағы жоспарлармен бөлісті.
Сондай-ақ, пленумда ел ағалары Ерғали Оразбеков, Серқожа Ыдырысов, Мажит Ташимовтар сөз алып, өнегеге толы орамды ойларын айтты. Әрі ауыл, аймақта ардагелердің құрметіне жоспарланған жобалар мен тың бастамаларға тоқталды.
Жиын соңында бірқатар ардагерлерге өңір дамуына қосқан үлесі үшін ауданның Құрмет грамотасы мен аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесі атынан ауданның "Құрметті ардагері" төсбелгісі берілді.