Ертегі айта аласыз ба, әжелер?
«Машбек Нәлібаев ауылдық клубы» КМҚК-ның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында «Ертегі айту ізгіліктің бастауы» атты аудандық онлайн ертегі айту әжелер байқауы болып өтті.
Байқаудың мақсаты өсіп келе жатқан жас ұрпақ санасын тасқындап келіп жатқан жаһандану дауылына қарсы тік тұра алатын жігерлі рухты өз ұлтымыздың перзенттерін тәрбиелеу. Кішкентай бүлдіршіннің санасына ең бірінші ұлттық сана сәулесін түсіретін ұлтымыздың ертегілері мен аңыздары. Үміткер әжелер өз алдында тәрбиеленіп жатқан немерелерін осы бағытқа жетелеуге өз үлестерін қоса білді.
Байқауға 19 ауылдан 20 әже қатысып,онлайн бақ сынасты.Нәтиже қорытындысы төмендегідей: Бас жүлде Қожамберді ауылының 87 жастағы Ұзақбаева Назым әже қанжығасына байлады. І-орынды Қыраш ауылының 56 жастағы Әбішова Күлайна әже; ІІ-орынды Өзгент ауылының 55 жастағы Алибекова Феруза әже мен Төменарық ауылының 77 жастағы Әбенова Құттығыз әже; ІІІ -орын Жаңақорған ауданы Арман қоныстық мәдениет үйінің қызметкері 55 жастағы Ұлықпанова Рыскүл әжемен Машбек Нәлібаев елді-мекенінің 55 жастағы Қанаева Фарида әже иеленді; Марапаттарыңыз құтты болсын!
Байқауымыздың әділ өтуіне себеші болған әділқазы алқалары: Аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі,журналист Лаура Бибасарова, аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Мейрамгул Мейрамкул Аимбетова,М.Көкенов атындағы КМҚК-ның директор орынбасары Құралай Мұсахметова алғысымызды айтамыз.Байқауға қатысқан үміткер әжелерге мың алғыс!!!