№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жауапкершілік пен жауапсыздық

Жауапкершілік пен жауапсыздық

Жолдан өткенде жолаушы неге қатты мән беру керек, әрине бағдаршамға және көліктер қозғалысына. Бір өкініштісі, автотранспорт егелері жылдамдықты шамадан тыс арттыруы себепті трассада және елді мекен ішінде түрлі апатты жағдайлар жиі орын алып келеді. Әр жолаушы жол ережесін сақтай білуі керек.


Белгілі болғандай, республика көлемінде жол оқиғаларының негізгі бөлігі елді-мекендерде орын кездеседі. Былтыр жалпы жол-көлік оқиғаларының 74,6% елді-мекендерде орын алған екен. Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес, жол көлік оқиғаларының 86%-дан астамы, яғни, 11 717 оқиға жүргізушілердің кінәсінен болған. Оның ішінде 544 жағдайда жүргізушінің алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болғаны анықталған.

Жол-көлік оқиғаларының ішінде көліктер соқтығысып, салдарынан қаза болғандардың үлесі 36%-ды құрайды. 2022 жылдың 3 айында Жаңақорған ауданы көлемінде жол көлік оқиғасы 4тен 3-ке, 25%-ға төмендеп, жарақат алғандар 6-дан 8-ге 33,3%- ға өсіп, қаза тапқандар 0-ден 6-ға 600%-ға өскен. Орын алған жол-көлік оқиғаларын талдайтын болсақ:
– Барлығы 3 (күндіз – 2, түннің екінші жартысында – 1). елдімекенде 3 жолкөлік оқиғасы, оның ішінде жол көлік оқиғасына қатысты автокөліктер жеңіл автокөлік қатысуымен – 3 оқиға тіркелген, – дейді Жанақорған аудандық жол полиция қызметкері Айым Сыздықова.

Жоғары жылдамдықпен жүруді әдетке айналдырған жауапсыз жүргізушілердің кесірінен елімізде күн сайын жолкөлік апаты болып жатады. Екі күннің бірінде күре жол үстіндегі қайғылы оқиғадан талай жанның тағдыры үзіліп, талайы ауыр жарақатынан айығып кете алмай, өмір бойына мүгедек болып қалып жатыр. Әр адам жол ережесін қатаң ұстауы керек.

Гүлсезім АУҒАНОВА
11 желтоқсан 2022 ж. 211 0