№44 (8858) 17

17 маусым 2025 ж.

№43 (8857) 14

14 маусым 2025 ж.

№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қызылордалық оқушылар «МЕНІҢ ӘКЕМ» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

Қызылордалық оқушылар «МЕНІҢ ӘКЕМ» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

2025 жылғы 16 маусым күні Тараз қаласында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық университетінде «МЕНІҢ ӘКЕМ» республикалық шығармашылық байқауының марапаттау рәсімі өтті.
Бұл байқау – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Ұждан» әлеуметтік-мәдени жобасы аясында ұйымдастырылды.
«Ұждан» жобасы – әке рөлін қоғамда насихаттап, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған. Жоба аясында подкасттар, сараптамалық сұхбаттар мен түрлі форматтағы тәрбиелік мәні бар контенттер жүзеге асырылып келеді.
«Менің әкем» байқауы – осы жобаның ең ірі бастамасына айналды.
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 000-ға жуық оқушы қатысып, өздерінің жүрекжарды шығармаларын жолдады. Әке бейнесін көркем сөзбен бейнелеп, ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды шынайы жеткізген оқушылардың ішінен үздіктер анықталып, Таразда арнайы марапатталды.
Қызылордалық оқушылар да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Сыр өңірінен салтанатты кешке арнайы келген Жаңақорған ауданы Қожакент ауылы И.Әбдікәрімов атындағы №168 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Кәусар Райымбек бірінші орынға, Қызылорда қаласы №101 Әли Мүсілімұлы атындағы мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Диана Рахымбай Мұхтар Мағауин атындағы арнайы жүлдеге ие болды. Марапатты университет ректоры, профессор Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы табыстады.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласы № 10 мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы Ибрагим Ерболат мен Арал ауданы Қосжар ауылы №67 орта мектептің 6 сынып оқушысы Іңкәр Жеткергенова, Шиелі ауданы 1 Май ауылы №40 А.Қыраубаева атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Назым Айтбаева үшінші орын еншілесе, Сырдария ауданы Тереңөзек кенті №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Анель Серік Әбдіжәміл Нұрпейісов атындағы арнайы жүлдені алған болатын. Жүлделі орын иегерлері мен жетекшілеріне Оқу-ағарту министрлігінің дипломдары, алғыс хаттары берілді.
Бұдан бөлек, әсерлі шығарма жазған 100 оқушыға Мәжіліс депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов, Дәулет Мұқаев, Ринат Зайытов, Ерболат Саурықов, Тимур Қырықбаев, Айдос Сарым, Нартай Аралбайұлы және ақын-жазушылар Бауыржан Бабажанұлы, Олжас Сәндібек, Толқын Қабылша, Қанат Әбілқайыр жолдаған кітаптар мен құттықтаулар табысталды.
17 маусым 2025 ж. 87 0