Қызылордалық 6 кәсіпкер «Сауда үздігі - 2019» республикалық байқауының жеңімпазы атанды
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Сауда үздігі - 2019» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Республикалық байқауға әр түрлі номинациялар бойынша Сыр бойынан 7 кәсіпкер қатысып, 6-уы жеңімпаз атанды.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен «Атамекен» ҰКП мен Қазақстанның сауда кәсіпорындары Қауымдастығының бірлесіп өткізген байқауы биыл Павлодар қаласында өткен болатын.
Байқаудың мақсаты - кәсіпкерлердің кәсіби қызметіне жоғарғы баға берумен қатар Қазақстанның сауда кәсіпорындарының үздік басшыларын анықтау, сервис деңгейін және қызмет көрсету сапасын көтеру, еліміздегі сауда саласына заманауи формаларды енгізу болып табылады.
Жеті номинация бойынша өткен байқауда қызылордалық кәсіпкерлер төмендегідей жүлделерге ие болды.
«Үздік сауда базары» номинациясы бойынша:
- Жаңақорған ауданының «Нұр» базары 2-орынға;
- Қызылорда қаласындағы «Сәулет» базары 3-орынға
«Үздік сауда-ойын сауық орталығы» номинациясы бойынша:
- «Энергомера» ЖШС 3-орынға;
«Үздік жол бойы сервисі» номинациясы бойынша:
- Қазалы ауданындағы ЖК «Байсуганова А.» 1-орынға;
- Қармақшы ауданындағы ЖК «Рагибаева Г.» «Ақсарай» кешені 3- орынға;
«Үздік демалыс аймағы» номинациясы бойынша:
- Қызылорда қаласындағы «Кристал строй-KZ» ЖШС-нің «Sultan Plaza» қонақ үй кешені 3-орынға ие болды.
Республикалық байқауға кәсіпкерлердің құжаттары табысталғанымен, басым көпшілігі қорытынды шараға бара алмағандықтан жеңімпаздардың марапатын Өңірлік кеңес төрағасы Ділмұхамед Абызов пен Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қожахмет Ілиясов табыстады.
Жеңімпаздардан өзге, қазалылық жеке кәсіпкер Гүлзат Бильсариева Павлодар облысы әкімінің «Алғыс хатымен», ұйымдастыру жұмыстарында белсенділік танытқан Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлдана Таңатоваға Қазақстанның сауда кәсіпорындары Қауымдастығының 20 жылдыққа арналған мерейтойлық статуэткасы және грамотасымен марапатталды.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі