Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордалық Әбілдашовтар отбасы «Мерейлі отбасы – 2021» байқауының жеңімпазы атанды

Қызылордалық Әбілдашовтар отбасы «Мерейлі отбасы – 2021» байқауының жеңімпазы атанды


«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының негізгі мақсаты − өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің үздік үлгісін халық арасында кеңінен насихаттауға бағытталған.

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Мерейлі отбасы − 2021» ұлттық байқауының жеңімпазы Әбілдашовтар әулиеті арнайы келіп, қазақ отбасының құндылығы туралы келелі ойлар айтты. Сондай-ақ. баспасөз конференциясында әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Арыстанқызы аталмыш байқау туралы тоқталып өтті.
«Аймағымызда жетінші рет өткізіліп отырған бұл мерейлі шараға қатысуға ниет білдірушілер жылдан жылға артып келе жатқаны қуантады. Біздің облысымызда 141 мың аса отбасы болса, 47 мыңға жуық көп балалы жанұя бар. Осы орайда облыста отбасы күні қарсаныңда бірқатар шаралар атқарылды. Ең маңыздысы «Мерейлі отбасы−2021» ұлттық конкурсы. Бұл байқауға қаламыздан және аудандардан барлығы 182 отбасы қатысты. Биылғы жылы жеті аудан мен бір қаладан он алты отбасы облыстық деңгейде жолдама алды. Ал биылғы «Мерейлі отбасы − 2021» байқауының бас жүлдесін Шиелі ауданының Әбілдашовтар әулиеті иеленді. Бүгін облыс әкімінің қатысуымен республикалық марапаттау рәсімі өтті»,-деді Қаламқас Арыстанқызы.Өнегелі отбасы – елдің тұтқасы! Ізгілікті қасиеттерге толы Әбілодашовтар әулиеті көпке үлгі. Мерейлі отбасының бүгінгі қуанышына орай ұйымдастырылған алқалы жиынға Әбілдашовтар әулетінің мүшелері Нұғман Әбілдашов пен Бауыржан Бекпанов сөз сөйлеп, өздерінің ыстық лебіздерін жеткізді.
«Біз «Мерейлі отбасы−2021» ұлттық байқауының Қызылорда облысы бойынша бас жүлдесін иеленіп, Мемлекет басшысының өз қолының «Мерейлі отбасы» республикалық лауреатын алғанымызға өте қуаныштымыз. Біз Әбілдашовтар отбасы Шиелі ауданы қарасты Жеделарық ауылында туылғанбыз. Біздің ұстаған ең үлкен бағытымыз − ата анамызды тыңдау, олардың әрбір ісінен үлгі алу болды. Ата-анамыз 1960 жылы шаңырақ көтеріп он баладан қырық екі немере, он екі шөбере сүйіп отыр. Анамыз Шырын бала тәрбиесімен айналысып жүріп Коммунизм колхозында жұмысшы болды. Сондай-ақ, «Алтын алқа» иегері атанды. Барлық қазақстандық отбасылардың шаңырағында береке болсын дегім келеді. Әрбір жанұя тек сыйластықта және ауызбіршілікте мерейлі отбасы болуларына тілектеспін. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықоваға өз алғысымызды білдіреміз»,-деді Нұғман Шазатұлы.«Әр мемлекеттің байлығы − отбасы. Облыс бойынша «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпазы болғанымызға қуаныштымыз. Біздің үлкен шаңырағымыз берекеге, ынтымаққа толы деп айтсам да артық емес. Мен де жұбайым да балаларымызда дәрігер болып қызмет етеміз. Біздің отбасымызда осы байқауға қатысып, әулетіміздің мерейін үстем еткіміз келеді. Бұл байқауда барлық отбасы бас жүлдеге лайық деп есептеймін»,-деді Бауыржан Төлепбергенұлы.
10 қыркүйек 2021 ж. 401 0