Соңғы жаңалықтар

Берекені ұрлаған несие

12 тамыз 2025 ж. 1 145

№60 (8874) 12

12 тамыз 2025 ж.

№59 (8873) 9

09 тамыз 2025 ж.

№58 (8872) 5

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » “Мен және менің отбасым” атты суретшілер байқауы

“Мен және менің отбасым” атты суретшілер байқауы

«AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы жанындағы "Өнер" және "Жайылма" бастауыш партия ұйымдарының ұйымдастыруымен “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында Халықаралық Отбасы күні мерекесіне орай өткізілді.
Байқауды "Өнер" БПҰ-ның төрағасы Қошқарбаев Қалдыбай ашып байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұл байқау – отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, баланың шығармашылығын дамытуға және отбасы мүшелерінің арасындағы берік байланысты нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара болды.
Байқауға қатысқан барлық балалардың еңбектері ерекше, жүрек жылуымен салынған. Әр суреттен – мейірім, сүйіспеншілік пен отбасыға деген мақтаныш сезіледі. Бұл – біздің болашағымыздың жарқын екенін көрсетеді.
90 минутқа созылға байқау қорытындысы бойынша 1 орын - Мадияр Тоғжан, ІІ орын - Амангелді Балнұр, ІІІ орын - Мұханбетхан Айбибі иеленді. Өзге қатысушыларға байқауға белсене қатысқандары үшін арнайы дипломдармен марапатталды. Орын алған қатысушыларға аудандық партия филиалы төрағасы А.Мажитовтың атынан Дипломдар табысталып, сый-сияпаттар жасалды.
15 мамыр 2025 ж. 125 0