Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » АУЫЛДАН ШЫҚҚАН БРЕНД

АУЫЛДАН ШЫҚҚАН БРЕНД

Жаңақорған ауданында Шидербаев Еркінбай Сартайұлы макарон өнімдерін өндіретін шағын цехты іске қосқан. Жалпы құны 19,5 млн теңгені құрайтын бұл өндіріс орны тәулігіне 300-500 кг аралығында дайын өнім өндіруге қауқарлы.

Цехта қазіргі таңда 3 жұмысшы тұрақты түрде еңбек етуде. Олар – өндіріс процесін толық меңгерген жергілікті тұрғындар. Бұл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ауылдық жерлердегі кәсіби еңбекке бетбұрыстың нақты нәтижесі.

Өндірісте бүгінде қабыршақ макарон, түтікше макарон және кеспе макарон секілді үш түрлі өнімі шығарылуда. Өнімдер ішкі нарыққа бағытталған және сапалық талаптарға толықтай сай келеді.

Аталған жоба жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға, өңірлік кәсіпкерлікті жандандыруға және отандық азық-түлік өндірісін дамытуға өз үлесін қосып отыр. Сонымен қатар, бұл бастама жастарды өндірістік-техникалық мамандықтарға ынталандыруда маңызды рөл атқаруда.
07 маусым 2025 ж. 335 0