«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаңақорғанда ірі инвестициялық жобалар жүзеге асуда

Жаңақорғанда ірі инвестициялық жобалар жүзеге асуда



2024 жыл Жаңақорған ауданы үшін инвестициялық жобалар жылы болмақ. Өйткені, биыл бұл аймақта жылына 3,5 мың тонна құс етін өндіретін “Абдулла” шаруа қожалығының құс фабрикасын іске қосу жоспарлануда. Қазіргі таңда өндіріс орнының құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тлеуімбетов хабарлады.

- Бұл құс фабрикасы іске қосылса облыс халқы тұтынатын құс етінің 33 пайызын қамтитын болады. Аталмыш өндіріс орны іске қосылған жағдайда 120 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, биыл “Шалқия Цинк ЛТД” АҚ-ның жылдық қуаты 4,0 млн тонна кен байыту фабрикасын салу да жоспарлануда. Бұл жоба 1 540 адамды жұмыспен қамтуға қауқарлы. Одан бөлек, аудан экономикасының өркендеуіне үлкен үлес қосып отырған бірнеше кәсіпорындар бар. Өндіріс орындары заман талабына сай жаңа технологиялармен жабдықталған. Сондай-ақ, 2025 жылы ауданымызда қуаты 24 мың тоннаны құрайтын томат пастасын өндіретін “Қызылорда AGROPlus” ЖШС-нің зауытын іске қосу жоспарланса, “Майнинг Консалт Ко” ЖШС-нің полиметалл кендерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі тау-кен байыту комбинаты 2028 жылы өз жұмысын бастайды, - деді Мұрат Жолкелдіұлы.
04 ақпан 2024 ж. 161 0