№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

№17 (8831) 4

04 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Өзіміздің өнім: макарон өндірісі

Өзіміздің өнім: макарон өндірісі

Бүгінде ел нарығында өте өтімді, әрі сұранысы көп тағамның бірі – макарон өнімдері. Олардың түрлері де көбейді, басым бөлігі өзге елден импортталып келді. Соңғы жылдары елдің ішкі саудасына отандық өнімдер қосылып, бәсекелестік арта түсті. Яғни, елдің кейбір аймақтары осы істі ілгерілетіп, үлкен жобаларға ұласуда. Басқасын айтпағанда біздің Жаңақорғанда да макарон кәсібі қолға алынып, аудандағы жаңа жобаның біріне айналды. «Baybol» деп аталатын бұл өнім биылдан бастап аудан нарығына толықтай жол тартты. Еркінбай Шидербаевтың бұл бастамасы қолдауға әбден лайықты.

– Жоба құны – 19,5 млн теңге. Күніне 500 келіге дейін өнім шығаруға қуаттылығымыз жетеді. Әзірге аудандағы сауда үйлері мен дүкендерге пұлдап жатырмыз. Егер сұраныс артып, тапсырыс еселенсе көрші өңірлерге де экспорттауға дайынбыз. Ол кезде қосымша жұмыс күшін тартатын боламыз, әзірге екі қызметкер бар, – деді Еркінбай ағамыз.

Қазір шағын цехта макаронның ракушка, рошки, вермешель сынды түрлері шығуда. Ағамыз айтқандай тапсырыс көлемі ұлғайса, онда макаронның өзге де түрлерін нарыққа шығаруға дайын.

Қысқаша айтқанда, шағын цехтың жұмысы осылай көрініс табуда. Мүмкіндік болса аудан аумағындағы ірі өндіріс ошақтары кәсіпкермен келісімге келіп, өзара байланыс орнатса, онда сұраныс екі еселенетіні анық. Бұл да берекелі бастама болғалы тұр, ең бастысы өзіміздің өнімді қолдап жүргенге не жетсін. «Рауан» ЖК-нің өнімдеріне қолдау білдіре кетейік...
16 наурыз 2025 ж. 166 0