» » БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Елімізде 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 11 ақпанында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және Мансап орталығының ұйымдастыруымен аудандық аграрлы-техникалық колледжінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Аталмыш шараға жергілікті жерден 8 жұмыс берушіден 35 бос жұмыс орындары ұсынылды.
Нәтижесінде 2 азамат жастар практикасына, 10 адам қоғамдық жұмыстарға, 8 адам тұрақты жұмысқа орналасып, және де жұмыс берушілер түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, колледж түлектері жұмыс берушілерден көптеген мәліметтер алды.
13 ақпан 2025 ж. 360 0