№24 (8838) 5

05 сәуір 2025 ж.

№23 (8837) 1

01 сәуір 2025 ж.

№22 (8836) 29

29 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Baybol»: макарон өнімі өзімізде шығарылады

«Baybol»: макарон өнімі өзімізде шығарылады


Бүгінде ел нарығында өтімді әрі сұранысы көп тағамның бірі – макарон өнімдері. Олардың түрлері де көбейді, басым бөлігі өзге елден импортталып келді. Соңғы жылдары елдің ішкі саудасына отандық өнімдер қосылып, бәсекелестік арта түсті. Яғни елдің кейбір аймақтары осы істі ілгерілетіп, үлкен жобаларға ұласуда. Әсіресе, оңтүстік өңірлер мен бидайы көп Қостанайда бұл жобаның жемісі көп. Басқасын айтпағанда біздің Жаңақорғанда да макарон кәсібі қолға алынып, аудандағы жаңа жобаның біріне айналды. «Baybol» деп аталатын бұл өнім биылдан бастап аудан нарығына жол тартты.


Жуырда аудан әкімі Мажит Самитов «Руханият» орталығында жергілікті өнімдердің көрмесімен таны­сып, кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуде аудандағы шағын және орта кәсіпті дамыту, жергілікті өнімді көбейту мәселелері талқыланды. Аудан орталығындағы көрмеге өнімін жеткізген кәсіпкердің бірі – Еркін­бай Шідербаев. Отбасылық бизнесі 2000 жылдары басталыпты. Бастапқыда дүкен ашып, тұрмыстық тауар саудаға шыққан. Кейін наубайхананы іске қосып, нан пісіріпті. «Оншақты жылдан кейін бұл салада бәсекелес көбейді. Ұн бағасы да жыл сайын қымбаттап, кәсібімізді тарылтты» дейді кәсіпкер.
Осыдан кейін ол нарықтағы өтімді тауардың бірі – макарон өнімдерін зерттей бастайды. Базар сөресін толтырып тұрған осы өнімнің қанша түрінің өзге елден импортталып келетініне назар аударады. Жоба дайындап, мемлекеттік қолдау нәтижесінде, 19,5 млн теңгеге қол жеткізіп, ең алдымен қондырғы іздеуге кірісті. Тапқан италиялық қондырғысы сағатына 160-200 кило өнім шығарады екен.
– Алғашқы өнімді шығарып, сөреге қойғанға дейін біраз қаржы жұмсадық. Осылайша, «Baybol» макароны ақпан айының алғашқы онкүндігінен бастап, аудан нарығына жол тартты. Бір ай ішінде 2 тоннадан астам өнім шығардық. Өнім сапасы өте жоғары, құрамына ешқандай бояғыш қосылмаған. Әзірге аудандағы сауда үйлері мен дүкендерге өткізіп жатырмыз. Егер сұраныс артып, тапсырыс көбейсе көрші өңірлерге де жеткізуге дайынбыз, – дейді кәсіпкер.
Қазір тапсырыс берген қаптаманың келуін күтіп отыр. Жақын күндері сауда нүктелеріне «Baybol» барлық мәліметі жазылған жаңа орамамен түсе бастайды. Кәсіпкер бұрын мұндай өндіріс түрімен айналысып көрмегендіктен өнім кептіргіш жағы аздау болып тұрғанын айтады. Оны көбейткесін цех өз қуатына толық көшеді. Әзірше цехта 3 адам жұмыс істеп жатыр. Бизнес-жоспарда көрсетілгендей, кептіргіш алған соң жұмысшылар саны 6 адамға дейін артады. Қазір макаронның ракушка, рожки, вермишель секілді түрлері шығарылып жатыр. Бастысы – бағасы сырттан келетін өнімнен арзан. Тапсырыс көлеміне қарай мұнда кеспе, жайма түрлерін де шығаруға болады. Аудан нарығында өзіндік орнын қалыптастыра алған бұл өнім туралы тұрғындар да пікірсіз қалмады. «Шыны керек, макарон тағамы тез піседі, әрі дәмді келеді. Сондықтан студенттер арасында бұл олардың ұлттық тағамдары саналады. «Baybol» өнімін жақын күндері пайдаланып көрдік, сапасы сын көтереді. Бағасы да қолжетімді, ең бастысы, цех жұмысы жарты жолда тұралап қалмаса болғаны. Жалпы көңілден шықты» дейді аудан тұрғындары.
Соңғы бес жылдың ішінде Жаңақорғанда отандық өнім өндіру ісі айтарлықтай дамыды. Яғни шағын кәсіптің шырайы кіріп, жаңа жобалар жүзеге асуда. Шикізаттан дайын тауарды айналымға енгізіп, тұрмысқа жарату үлкен табысқа әкелуде. Бұл тұрғындарға да тиімді, экономиканың өсуіне де өзіндік үлесі аз емес. Биыл да осындай инновациялық жобалар енгізіледі. Мұны аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысы Марлен Нұртазаев нақты айтып, қайтарымсыз қаржы мен жеңілдетілген несиелер берілетінін тілге тиек етті.
Қысқаша айтқанда, шағын цехтың жұмысы осылай дөңгелеуде. Мүмкіндік болса, аудан аумағындағы ірі өндіріс ошақтары кәсіпкермен келісімге келіп, өзара байланыс орнатса, сұраныс екі еселенетіні анық. Бұл да берекелі бастама болғалы тұр, ең бастысы өзіміздің өнімді қолдай білгенге не жетсін. «Рауан» жеке кәсіпшілігінің өнімдеріне қолдау білдіріп, отандық өнімнің керегесін кеңейтіп, бренд қалыптастырсақ нұр үстіне нұр.

Әли ТЕМІРБЕК
05 сәуір 2025 ж. 142 0