ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

Бүгін аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетілді. Игі шара демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылып, бірнеше отбасы қажетті көмекпен қамтылды.
Атап айтқанда, бірқатар отбасыға қаржылай көмек көрсетілсе, тағы төрт отбасыға азық-түлік түрінде қолдау берілді. Көмек берілген отбасылар жыл басынан бері аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп, өтініш – тілектерін білдірген болатын. Бұл – партияның әлеуметтік әлжуаз топтарды қолдауға бағытталған тұрақты жұмысының бір бөлігі бөліп табылады.
Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзің ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген. Бүгінгі қайырымдылық жасауға кең пейілділік танытып отырған демеушілерімізге аудандық партия филиалы атынан алғысымызды