» » Әлеуметтік көмек көрсетілді

Әлеуметтік көмек көрсетілді



«Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде төрағаның бірінші орынбасары Мәжитов Арман Әбілпейсұлы тұрғындарды тұрақты түрде қабылдап отырады.

Жаңа жылдың алғашқы айында бірінші орынбасардың қабылдауына келгендердің көбі көп балалы, жалғызбасты, жұмыссыз, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған азаматшалар болды. Олар әлеуметтік көмек жөнінде өз өтініштерін білдірді.
Қабылдау барысында тұрғындардың талап-тілектері мен мұң-мұқтаждары тыңдалып, 7 отбасыға азық-түліктей көмек көрсетілді.
Партия көмегіне жүгінген отбасылар жасалған қайырымдылық көмекке риза болып, алғыстарын білдірді.
Атап өту керек, жыл басынан партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне тұрғындардан әлеуметтік көмек көрсету бойынша 30 өтініш түсіп, оның 29 оң шешімін тапты. Тұрақты жұмысқа орналастыру бойынша бір өтініш қаралу үстінде.
01 ақпан 2022 ж. 198 0