№60 (8874) 12

12 тамыз 2025 ж.

№59 (8873) 9

09 тамыз 2025 ж.

№58 (8872) 5

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ

ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ

Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Бүгін "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында 2024 – 2025 жылғы оқу жылында өзіндік жетістіктерімен көзге түскен және Ұстаздық ұлы қызметті мінсіз атқарып, сан жылдар бойы зор сенім үдесінен шыға білген, бүгінде зейнет жасына жеткен ағарту саласындағы ұлағатты ұстаздары мен кездесу өтті.
Әрбір адам болашағының бақытты, келешегінің кемел болуы үшін сапалы білім мен тәлім-тәрбие беріп, тәуелсіз еліміздің болашағы – өскелең ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуде мұғалімнің орны ерекше. Өйткені, адам бойындағы ең асыл қасиеттерді жас ұрпақтың санасына дарытатын ұстаздар қауымы.
Кездесу барасында "AMANAT" партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов ұстаздарға зор ризашылығын мен ақжарма тілегін білдіріп, сый сияпатын табыстады.
- Бүгінгі кездесуіміздің басты мақсаты ұлағатты ұстаздарымыздың адал еңбегін бағалау, адамгершілік ізгі қасиеттерін ардақтау болып саналады. Бүгінгі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, ой – өрісі кең жастарды тәрбиелеуде ұстаздар қауімінің үлесі зор. Саналы ғұмырын ұстаздыққа арнап, шәкіртінің бойына тәлім мен тәрбие, саналы білім сіңіре білген ұстаздың мерейі қашанда биік тұратыны сөзсіз. Сондықтанда әрқашанда біздер ұстаздарды құрметтейміз, ризашылығымызды білдіремін. Қаншама жылдық тәжірибесі бар, бүгінде зейнет жасына жетіп отырған ұстаздарға айтар алғысым шексіз. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер! – деп жүрекжарды тілегін білдірді.
«Алты Алаштың баласы бас қосқан жерде төрдегі орын ұстаздыкі» деп ұлт зиялысы Мағжан Жұмабаев айтпақшы, білім парасатымен, қадір-қасиетімен елге үлгі, шәкірт санасына шамшырақ бола білген ардақты ұстаздар қандай құрметке де лайық!
24 мамыр 2025 ж. 100 0