Абыройлы еңбектен-құрметті зейнетке

Әрбір адам болашағының бақытты, келешегінің кемел болуы үшін сапалы білім мен тәлім-тәрбие беріп, тәуелсіз еліміздің болашағы – өскелең ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуде мұғалімнің орны ерекше. Өйткені, адам бойындағы ең асыл қасиеттерді жас ұрпақтың санасына дарытатын ұстаздар қауымы.
Осы мақсатта ұйымдастырылған әдемі кездесуде "AMANAT" партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов ардагер ұстазға партияның стратегиялық бағытын қолдап, бағдарламалық міндеттері мен жобаларын іске асыруға белсене атсалысқаны үшін алғыс білдіріп, арнайы "AMANAT" партиясының төрағасы Е.Қошановтың «Құрмет грамотасы» мен сый сияпат табыстады.
«Алты Алаштың баласы бас қосқан жерде төрдегі орын мұғалімдікі» деп ұлт зиялысы Мағжан Жұмабаев айтпақшы, білім парасатымен, қадір-қасиетімен елге үлгі, шәкірт санасына шамшырақ бола білген ардақты ұстаздар қандай құрметке де лайық!