№71 (8782) 7

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (8781) 3

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (8780) 30

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Ұстаздар ұлықталған күн!

Ұстаздар ұлықталған күн!

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ұстаз деген – мамандық атаулының төресі.

«Ұстаздар күні» мерекесінде ұстаздарға құрмет көрсетуден «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы да қалыс қалмады. Айтулы мерекеде Жаңақорған кенті әйелдер кеңесвінің төрайымы Мира Жандарбекова, аудандық мәслихат депутат Лаура Бибасарова, «Орталық» БПҰ төрайымы Алма Мамирова және қоғам белсендісі Айгерім Абилтаевамен бірлесе отырып аудандық партия филиалының мәжіліс залында шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып жүрген ұстаздар еңбегі еленіп, марапатталды.

Шара барысында аудандық партия филиалының төрағасы Арман Әбілпейсұлы мен шара ұйымдастырушылары жиналған ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Даулет Кәрібектің және Жаңақорған аудандық партия филиалының төрағасы Арман Әбілпейсұлының «Алғыс» хаттары табыс етілді.

Құрметті ұстаздар, марапаттарыңыз құтты болсын. Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, қызметте мол табыстар тілейміз!

#AMANAT
#ҰстазҰлыЕсім
06 қазан 2023 ж. 221 0