«Ер – елінің қорғаны»
Жаңақорған аудандық сотының ұжымы баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды.
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген өнегелі сөз бар. Отанымыздың қорғаныстық қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға үлес қосып, ел қорғаны болып жүрген барша ержүрек жандардың қызметіне ерекше құрмет көрсетеміз.
Еліміздің Қарулы Күштері сапында қызмет етіп жүрген Отан қорғаушылардың кәсібилігі, патриоттық рухы мен адалдығының арқасында елімізде тыныштық орнап, бірлік пен ынтымақтың Қазақстандық үлгісі әлемге үлгі болуда.
Отан қорғаушылар күні Отанды қадірлейтін, тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесіне айналды.
Бар өмірін әскери қызметке арнап, елін, жерін қорғап, өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқан жауынгерлерімізге алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз жемісті болсын! Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын!
Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.