ОБЛЫС ӘКІМІ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВТЫҢ 7 МАМЫР - ОТАН ҚОРҒАУШЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ!

Құрметті Отан қорғаушылар!
Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Еліміздің әскери қызметшілері өздеріне жүктелген жауапты міндетті жоғары деңгейде атқарып, ерлік пен батылдықтың озық үлгісін көрсетіп, Ұлттық армиямыздың, тұтас мемлекетіміздің беделін көтеріп келеді.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Мемлекет туған жері үшін аянбай еңбек етіп, әскери қызметке бүкіл ғұмырын арнаған отансүйгіш перзенттерін жан-жақты қолдауға айрықша мән береді. Біздің міндетіміз – жаңа геосаяси ахуалға сай еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі нығайта түсу», – деп атап өтті.
Елімізде армияны дамытуға, оның қорғаныс қабілетін арттыруға, әскерилерді жан-жақты қолдауға баса көңіл бөлінген.
Қазақстан армиясының кәсіби деңгейі жоғары, қазақ жауынгерінің рухы асқақ. Отан алдындағы борышты өтеу, жауынгер бабалардың даңқты жолымен ел тыныштығын күзету, қауіпсіздікті қамтамасыз ету – абыройлы әрі жауапты міндет.
Бүгінгідей мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, зор табыс тілеймін. Әрқашан аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!
Ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!