Соңғы жаңалықтар

№33 (8847) 6

06 мамыр 2025 ж.

№32 (8846) 30

30 сәуір 2025 ж.

№31 (8845) 29

29 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Жемқорлықпен күрес тоқтамайды

Жемқорлықпен күрес тоқтамайды


Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғамдағы ең күрделі мәселеге айналды. Осы уақытқа дейін халыққа қызмет көрсету орындарында да төбе көрсетіп қалатын жағымсыз құбылыстан қалай құтылуға болады? Бұл бағытта Мемлекет басшысы өзінің сындарлы талабын қойып отыр. Президенттің «Қандай да болмасын сый-сияпат жасау доғарылсын. Мамандар қызметке арнайы конкурс арқылы қабылданатын болсын» деген тапсырмасы қашан да өзекті.


Жемқорлық көріністердің мемлекеттер мен халықтарға тән ғасырлық тамырын жою оңай болмасы анық. Жемқорлық атаулы қоғамның негіздерін бұзады, дамуға қауіп төндіреді. Сондықтен бұл дертпен күрес жалпыхалықтық сипат алуы керек.
Параны тықпалап беруші болмаса бұқпалап алушы да болмас еді. Жасыратыны жоқ, біздің арамызда өзінің жеке басы мәселесін жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықпен шешуді жеңіл көретіндер көп. Олар, сайып келгенде, асыл заңды аяқасты етіп, өзгенің несібесіне қол сұғып отырғанын сезінер ме екен? Осындай әдетке құмар әлдекімдер тәртіп, талап дегенді таптап өтіп, өзінің ғана емес, өзгенің де тұмсығын жолсыздыққа апарып тіреп қоятынын ұмытып кететін секілді. «Өтіріктің құйрығы – бір-ақ тұтам» дегендей, бір күндері арты ашылып, абыройсыздыққа ұрынып жататыны да содан.
Қытай ойшылы Конфуций: «Өзіңе ұнамаған жағымсыз дүниеге шағымдану-оның отын екі есе арттырады» деген екен. Ел арасында нашар қылық, жүгенсіз кеткен жөнсіздіктерді көргенде әлдекімдерді кінәлап, өздерін сүттен ақ, судан таза санап, жұртты жазғыру жөнсіз. Елдегі тұрақтылық биліктің қызметімен ғана өлшенбейді. Болашағымыздың жарқын болуына барлығымыз да мүдделілік танытуымыз керек.

Ақылмұрат ЖҰМАДІЛЛАЕВ,
Сунақата ауылдық
округінің әкімі
22 сәуір 2025 ж. 128 0