№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыбайластық – қоғам дерті

Сыбайластық – қоғам дерті


Сыбайлас жемқорлықпен күрес біздің саясатымыздың басым бағыты. Заң үстемдігін орнатып, нағыз қүқықтық мемлекет құру үшін ең алдымен жемқорлықтың тамырына балта шабу керек.

Соңғы жылдары мемлекетімізде осы бағытта бірқатар маңызды қадамдар жасалуда. Талапқа сай келмейтін, сеніп тапсырылған жауапты міндетіне мін түсірген мемлекеттік қызметкерлерге шара көру осы бағытта сындарлы саясаттың қатаңдана түскенінің белгісі. Елімізде әкімшілік әділет жүйесі жұмыс істей бастады.
Қазақстан аумағында сыбайлас жемқорлық көріністерінің таралмауы маңызды. Осы бағытта мемлекеттік қызмет сапасынының төмендеуіне, биліктің беделіне нұқсан келтіретін жең ұшынан жалғасқан сыбайластық көріністерге ешқашан да жол беруге болмайды.
Қай кезде болсын пара беруден және алудан бас тарту мәселелерді мінсіз және заңды түрде шешуге жол ашады. Қоғамда ашықтық пен өзара сенім қағидалары әлеуметтің әділ заңға деген құрметін орнықтырады.
Қоғам мүшелерінің заң алдындағы теңдей құзіреттілігін айқындау мәселесі мемлекеттік жалпыға бірдей салық декларациясын мезгіл мінберіне қойды. Осындай шаралар айтарлықтай нәтиже беріп жемқорлық деңгейі төмендеді. Дегенмен түбегейлі өзгеріс әкелген жоқ. Азаматтар әлі де күнделікті өмірде бұл жағдаймен бетпе-бет келуде.
Заң ережелерінің көрінеу бұрмаланып, әділеттің аяққа басылуына алып келетін қандай жағдайлар болмасын онымен ымырасыз күрес жүргізуге қоғам болып жұмылғанда ғана нәтиже болады.

Сырлыбек Кенжебай,
Кейден ауылдық округінің әкімі
05 қазан 2024 ж. 131 0