№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жемқорлық - қоғам дерті

Жемқорлық - қоғам дерті


Қазір қоғамдағы ең күрделі мәселенің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Осы уақытқа дейін сан салаға айықпас дерт болып жабысқан жемқорлықпен күресу, алдын алу шарасы соңғы кездері қарқынды қолға алына бастады. Бұл бойынша Мемлекет басшысы нақты міндеттер жүктеп, меже қойды.

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өтті. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керектігін басып айтты. Сондай-ақ, әр салаға қатысты сауалдарды түйіндеді. Өйткені, қазір көп саланы осы бір мағынасыз дерт дендеп тұр. Сондықтан үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын саяси даму тұрғысынан тежеуге бастайтын сыбайластықты тоқтату жалғаса беруі заңдылық. Жемқорлық көріністері барлық мемлекеттер мен халықтарға тән және терең ғасырлық тамыры бар.

Біз өте күрделі кезеңде өмір сүріп жатырмыз, экономикалық реформалар мен дағдарыс кезеңі, трансформация уақыты. Зерттеулерге сәйкес, жемқорлық – қоғамның негіздерін бұзады, дамуға қауіп төндіреді, мемлекеттік органдарға деген сенімділіктің төмендеуіне ықпал етеді және қоғамның экономикасы мен моралын бұзады. Бұл дертпен күресу әлемдік саясат, онымен күресу мемлекеттік міндет. Өйткені, елдің ертеңіне, баянды болашағы мен кемел келешегіне балта шабатын қасіреттен құтылу өте маңызды. Бір сөзбен айтқанда, сыбайлас жемқорлықтың үлкен кемшілігі, ол мемлекеттің экономикалық саласына зиянын тигізіп, елдің және оның әрбір азаматының жалпы әл-ауқатын төмендетеді. Бұған қоса, мұның бәрі халықтың үкіметке сенімінің қалыптасуына қауіп төндіреді.

Осы жағдайларды жүйелеп, қазір барлық мемлекеттік мекемеде, тиісті салаларда түсіндірме жұмысы мен оған қарсы әрекеттер жүргізілуде. Біздің аудандық «Қазынашылық» басқармасында да осы мәселе төңірегінде тиісті түсіндірме, маңызды кездесулер өтіп тұрады. Бұл барлық қызметкерлерге міндетті жүктеме. Тағы бір айта кетерлігі, енді біздің елде рақымшылық легі тоқтайды. Яғни, жемқорлықпен істі болғандарға енді заң да қатал.

– Жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Соттарға, құқық қорғау қызметкерлеріне, пара бергендерге және делдалдарға қатаң жаза қолданылатын болды. Былтырдан бері жалпыға бірдей салық декларациясын тапсыруды бастадық. Осы және басқа да шаралар айтарлықтай нәтиже беріп, жемқорлық деңгейі төмендеді. Дегенмен, түбегейлі өзгеріс әкелген жоқ. Мұны ашық айтуымыз керек. Азаматтарымыз әлі де күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық жағдайларымен бетпе-бет келуде, – деді Президент.


                                                                                                                                              Азамат Бегайдаров,
                                                                                   аудандық Қазынашылық басқармасының бас маманбас қазынашысы
08 шілде 2023 ж. 483 0