Соңғы жаңалықтар

№32 (8846) 30

30 сәуір 2025 ж.

№31 (8845) 29

29 сәуір 2025 ж.

№30 (8844) 26

26 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Өндіріс орнындағы шуақты думан

Өндіріс орнындағы шуақты думан


Өндірісі мен өнеркәсібі өркендеген елдің әлеуметтік және экономикалық дамуы өзгеден озық тұрады. Бұл дамыған елдердің тәжірибесінде айқын көрініс табады. Бұл бағытта Сыр өңірінің әлеуеті алдыңғы қатарда тұр. Оның ішінде Жаңақорған ауданы өндіріс саласында да, инвестиция бағытында да көші ілгері. Яғни, экономикалық тұрғыдан келсек, шикізат шығару, өнім өндіруде өлкенің өсу динамикасы көңіл қуантады. Бір ғана «Казатомпром» ҰАК» АҚ-на қарасты «СКЗ-U» ЖШС күкірт-қышқыл зауытының бағыт-бағдарынан ауданның бүгіні мен болашағын бағамдай беруге болады. Бұл мекеме тек өндіріспен ғана шектелмейді, әлеуметтік мәселелерді де назардан тыс қалдырған емес. Өткен аптада өндіріс ошағында наурыз думаны тойланып, керемет көңіл-күй сыйлаған болатын.


Облыс аумағының геологиялық құры­лымы әртүрлі бағалы кен орын­дарының қабатымен ерекшеленеді. Арал атырабы мен Қаратаудың қойнауы толы қазына-байлығы бүтін елге қызмет етуде. Бұл аймақтың болашағының бұлыңғыр емес, баянды екенін көрсетеді. Соның ішінде Жаңақорған ауданының халқын жұмыспен қамтып, қапталында орналасқан Кей­ден елді мекенінің бүтіндей әлеумет­тік мәселесін шешуде маңызы басым «СКЗ-U» күкірт-қышқыл зауытының жай-күйіне тоқталып өтейік.
Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған күкірт-қышқылы зауытының бүгінде жылдық қуаты 510 мың тоннаға жеткен. Зауыт күніне 1500 тонна шикізат өндіреді. Облыстағы инновациялық жобаларды жүзеге асыру барысында алғаш қолға алынған өндіріс орнында бастапқы жылдары 100 мың тонна күкірт қышқылы өндірілсе, кейінгі жылдары өндіріс жұмысы қалыпқа түсіп, өнімділік артты. Сонымен бірге электр энергиясын өндіріп, аудандық электр желісіне арзан бағада беруді қамтамасыз етуде.
Казатомпром ҰАК әлеуметтік жауапты компания ретінде елдегі барлық шара­ларға жауапты болса, комапнияға қарас­ты «СКЗ-U» ЖШС елдің экономикасына үлес қосумен бірге осы әлеуметтік жау­апкершілікті де қатар алып келеді. Түрлі бағыттағы қайырымдылық, демеушілік ша­раларынан қалыс қалған кезі жоқ. Зауыт құрылысы басталғалы Кейден ауылына көмек беруден бас тартқан емес. Ауыл тұрғындарының өтінішіне сай скважиналар қазып, оларға су тазартқыш орнатып берді. Тұрғындардың есік алдындағы учаскеле­ріне егін егу үшін дариядан су айдайтын электромотор орнатып беруді назардан тыс қалдырмады.
Жақсылықтың жаршысы, жаңарудың нышаны, Жер-ана оянып, табиғаттың бо­санған шағын қазақ халқы жақсылыққа балаған. Наурыз күніне орай өткен шарада бір-біріне ақ тілектерін арнаған мекеме ұжымы қазақтың ұлттық ойындарымен күш сынасты. Әуелі ұзақ қашықтыққа жүгіруден бөлімшеаралық жарыс өтті. Кіл жүйріктер оза шапқан жарыстың үздіктері марапат төріне көтерілді. Одан кейін арқан тартыстан алыптар айқасты. Қара жердің шаңын шығарған білектілердің бәсекесінен кейін барлық ұжым ақ дастарханға жайғасып, мерекелік кештің куәсі болды. Аудандық мәдениет үйінің концерттік бағдарламасын тамашалап, бір сергіп қалды.
Мерекелік шараны бас директор С­­а­ғы­н­ыш Орынбасаров бастаған мекеме­де­гі аға буын өкілдері ашып, ізгі тілегін біл­дірді. Зауыттың ардагерлері мен Өмірсе­рік Тақырбасов бастаған ауданның құр­мет­ті қариялары арнайы қонақ ретінде ке­ліп, мерекелік шараны тамашалады. Кеш барысында марапат мінберіне бірнеше қызметкер көтеріліп, басшылықтың және аудан әкімінің алғысына бөленді. Шара ән-күймен өріліп, қошқар көтеру және футболдан жарыстар жалғасты.
Иә, мемле­кеттің табысты болуының тетігінде өндіріс пен өнеркәсіп, қайта өңдеу сынды салалар тұрады. Бұл экономикаға ғана емес, әлеуметке де демеу бола алады. Мұны «Қазатомпром» ҰАК АҚ-ның өндірісінен, оның ішінде «СКЗ-U» күкірт-қышқыл зауытының тыныс-тіршілігінен де байқауға болады.
Сөз соңында өндіріс мекемесінің би­ылғы межесіне қысқаша тоқтала кетейік. Биыл «Жол қартасы» бойынша негізгі қондырғыларды екі жыл бойына кезегімен ауыстыру жұмысына кіріспек. Бұл өте ауқымды жұмыс. Құны 4 млрд-тан астам теңгені құрайды екен. Италия мен Америка сынды алпауыт елдермен байланыс орнатып, өзара әріптестік байланыс орнап, зауыт жаңғырмақ. Жоба графигі өте күрделі, яғни, бес күрделі қондырғыны ауыстыр­мақ. Негізгі шарт – мамандар осы істеп жатқан қондырғы құрылысының басына барып танысуы керек. Зауыт осылай бір жаңаланса ары қарай 20-25 жыл іркіліссіз жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Биылғы тағы бір жоба – жұмысшылар қалашығына жабық, жылы, ыңғайлы спорт кешенін салу жоспарлануда екен. Міне, биыл осындай ірі жобалар жүзеге аспақ.
Әрбір мерекені жоғары деңгейде атап өтуге ынталы зауыттың келешегі кемелденіп, екінші тынысы ашылып жатса нұр үстіне нұр.

Әли ТЕМІРБЕК
19 сәуір 2025 ж. 327 0