№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Макроэкономика: толымды табыс тетігі

Макроэкономика: толымды табыс тетігі


Соңғы мәліметтерге зер салсақ, Сыр өңірінің макроэкономика саласындағы серпіні өте жоғары. Өнеркәсіп, өңдеу, аграрлы сала, құрылыс жұмыстары, бөлшек сауда және инвестиция көлемі жыл сайын екі еселеніп келеді. Әсіресе, инвестиция әлеуетінің көрсеткіші жоғары. Бұл қатарда Жаңақорған ауданының да үлесі аз емес. Жыл басынан бері құрылыс пен өңдеу өнеркәсібінің өрісі кеңейіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5-3 есеге дейін артқан. Шағын кәсіпкерлік пен өнім өндіру ісінде де жеткен жетістігіміз толайым табыспен түйінделіп отыр. Осы тақырып төңірегінде қысқаша тоқталып, ауданның әлеуетін зерделеп көрдік.

Елімізде өңдеу өнеркәсібі өрісін кеңейтіп, өнім көлемі артып келеді. Өткен жыл­дың қорытындысында еліміздің ішкі жалпы өнімінің 13,4%-ын осы сала құрапты. Сөйтіп, экономикаға қосқан үлесі бойынша сауда және тау-кен өнеркәсібінен кейінгі үшінші көрсеткішті иеленді. Өндіріс көлемі бойынша оң динамика орын алып отыр. Бір өкініштісі, еуразиялық экономикалық елдер көшінде­гі көрсеткішіміз көңіл көншітпейді. Еуразия­лық экономикалық комиссияның статистика­сына сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан көш бастай алмады. Бірақ осыған қарамастан біздің ауданның салыстырмалы статистикасы едәуір жоғары.
Жалпы, Жаңақорған ауданы бойынша хаық саны 82 мыңға жуықтайды. Бұл нақты тіркелгендердің көрсеткіші.
Алдымен инвестициядан бастағанды жөн көрдік. Жыл басынан бері үш айдың ішінде капиталға салынған негізгі инвестиция 11 млрд 162 млн-ға жеткен. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 139,1 пайызды құрады. Бұл облысқа тартылған инвестиция көлемінің 10 пайызын көрсетіп тұр. Оның ішінде аграрлы салаға салынған қаржы қуантады. Бұл бәрінен бұрын отандық өнім көлемін көбейтіп, экспортты арттырудан бұрын халықтың әлеуметтік ахуалын, нарық бағасын реттейді. Мұның қатарында биыл тұңғыш өнім бергелі отырған Қыраш ауылындағы алма бақтың үлесі ерекше болғалы тұр.
Ауылшаруашылығы саласында да көр­сеткіш жаман емес. Егін шаруашылығын­да әртараптандыру бағыты жақсы жолға қойылса, төрт түлікті төлдетуде облыста озық келеміз. Аграрлы саладағы көрсет­кіш былтырғы жылмен салыстырғанда 102 пайыздан асқан. Бұл салада 2358 шаруа қожалығы тіркеліпті. Демек, жыл сайын саладағы серпіліс оң нәтижеге бастап келеді. Қазір негізгі қажеттілік, ол – инфрақұрылым. Бұл бағытта Жаңақорған ауданы көш бастап тұр. Ауданаралық жолдар толық жөнделіп, ауыз су мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Көгілдір отыны жүргізіліп, жарықтар жаңғыртыла бастады. Жыл соңына дейін кенттегі жарық жүйелері толық жаңарады деп күтілуде. Құрылыс жұмысы қарқынды, әлеуметтік нысандардың құрылысы да уақытылы жүруде.
Аудандағы негізгі капиталда шағын кәсіпкерлік пен өнім өндірудің үлесі басымырақ болып тұр. Әсіресе, шағын кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті тұрғындар қатары көбейді. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 112,3 пайызға жеткен. Қорыта айтқанда, өңір өркендеуінің шынайы көрсеткішін нақты цифрлар ғана емес әлеуметтік ахуал айқындап тұр.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
14 мамыр 2024 ж. 206 0