» » Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы

Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы


Қазір қоғамда әке мен баланың тығыз қарым-қатынасы азайып бара жатқаны рас. Салдарынан әке тәрбиесін толық бойына дарытпаған бала болашақта батыл шешім қабылдай алмай, келешегіне жарық сәуле шаша алмай жатады. Сондықтан бұл мәселені мектептен бұрын балабақшадан реттеу керек секілді. Яғни, тәрбиеші мен ата-ана, әке мен баланың қарым-қатынасын нығайтып, әкенің рөлін айқындау аса маңызды іс. Осы мақсатта бөбекжайымызда жиі-жиі ата-аналармен бірлесе отырып балалардың ертеңін талқылауды дәстүрді айналдырдық. Негізгі бағыт – бала тәрбиесі.


Шыны керек, бала тәрбиесі деген өзінше бір ғылым. Ал ғылым нағыз ерінбейтін, төзімділікті тұтас ұстай алатын жандардың маңдай терінде жатыр. Сол ссебепті ұрпақ тәрбиесі – ата-ана мен қоғамның басты парызы десек, әр азаматтың өмірден өзіндік орнын табуына балабақшаның да қосар үлесі аз емес.
Балабақша – бүлдіршіндерді болашақта ата дәстүрін сақтайтын инабаттылыққа, үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-ана мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы. Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам – оның ата-анасы. Кейбір ата-аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді. Ал мұндай көріністер баланың бойында жағымсыз қасиеттің пайда болуына тікелей себеп болып жатады. Ата-ана балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын, дүние жұмбақтарын танытып, тағылым-талғамға, әдептілікке баулуы тиіс. Себебі ата-ананың күнделікті тіршілігіндегі еңбегі, адами бет-бейнесі, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы – балаға үлгі. Сондықтан да кез келген бала ең алдымен, ата-анасынан үлгі алады.
Баланы тәрбиелеу, денсаулығын түзету, бала тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін білу жөніндегі дағдыларын қалыптастыру мектепке дейінгі мекемелерге берілген. Тәрбиенің сан алуан мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы – балабақша. Халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейміз. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының бес саласын ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде баланың бойына сіңірудеміз. Мысалы: тұсау кесу, бесікке салу, тілашар, т.б.
Жас ұрпақтың сана-сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентайынан қалыптастырамыз деген сенім бар.

Мақпал БЕКТИЯРОВА,
"Нұрлы Сенім-С"
бөбекжай-бақшасы

08 сәуір 2025 ж. 122 0