№29 (8843) 22

22 сәуір 2025 ж.

№28 (8842) 19

19 сәуір 2025 ж.

№27 (8841) 15

15 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » » Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы

Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы

Қазір қоғамда әке мен баланың тығыз қарым-қатынасы азайып бара жатқаны рас. Салдарынан әке тәрбиесін толық бойына дарытпаған бала болашақта батыл шешім қабылдай алмай, келешегіне жарық сәуле шаша алмай жатады. Сондықтакн бұл мәселені мктептен бұрын балабақшадан реттеу керек секілді. Яғни, тәрбиеші мен ата-аның, әке мен баланың қарым-қатынасын нығайтып, әр әкенің рөлін айқындау аса маңызды құрал.
Бала тәрбиесі өзінше бір ғылым сияқты. Ал ғылым ерінбегендікі, төзімдінікі екені ақиқат. Ендеше бала тәрбиесін де бөлек бір ғылым десек ләзім. Ұрпақ тәрбиесі – ата-ана мен қоғамның басты парызы десек, әр азаматтың өмірден өзіндік орнын табуына балабақшаның қосар үлесі аз емес.
Ата-ананың беделі, тәртібі, қарым-қатынасы баланың балабақшадағы қарым-қатынасына, тәртібіне, көңіл-күйіне әсер етеді. Ерте жастан-ақ балалар өзінің ата-аналарына еліктей бастайды, өзінің іс-әрекетін соларға қарап жалғастырады. Бұл балаларды еңбекке баулуға қолайлы кезең. Балаға тән бір ерекшелік – олар естігендері мен көргендерін есте сақтағыш, тез қабылдағыш, сенгіш, еліктегіш, білуге құмартқыш келеді. Егер ата-анасы баласын өзі киіндірсе, шешіндірсе, ойыншықтарын жинай алса, тәрбиенің тиімділігі төмен болады. Жақсы перзент – ата-ана қолындағы аманат. Баланы тәтті тағам, жақсы киімге үйір қылмаған жөн. Баланың жан дүниесін рухани пәктікке тәрбиелеген абзал. Егер бала қателессе, 1-2 рет көрмегенсіп, білмегенсіп қоя салған дұрыс. Оған жауап беретін дәлелі болмауы да мүмкін. Оқтын-оқтын жаман іске үйір болып әдеттенсе, кемшілігін айтып, ұялтып, түсіндіру қажет. Әкесі өзінің баласына сабыр, шыдамдылығы мен айбаттылығын өнеге еткені абзал. Отбасында ата-ананың ықыласына бөленіп, тәрбие көрген бала балабақшада да, мектепте де өз ісіне жауап бере алады. Үйде ойын еркін айта алатын бала қай жерде де жасқаншақ болмайды.
Ата-аналар мен біз, тәрбиешілер, осыны есімізден шығармаумыз керек, балабақша мен ата-аналар өз алдына жеке-жеке баланың нәзік дүниесін дұрыс түсініп, адам болуының күрделі мәселесін шеше алмайды. Сондықтан бала тағдыры бәріміздің – ата-аналардың, балабақшаның, мектептің және қоғамның негізгі міндеті. Адамға мінездемені жұмыстағы ісіне қарап қана береміз, меніңше, оның әкелік немесе аналық міндетін қалай атқарып жүргенін де ескерген жөн болар еді. «Балаларды тәрбиелей отырып, ата-аналар еліміздің болашақ тарихын, демек дүниенің де тарихын тәрбиелейді», – деген А.С. Макаренконың сөзі есімізге еріксіз түседі.
Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгінің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңестігіне толық енудің алғашқы даму стратегиясын жасау. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген бала тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор.
Балабақша – бүлдіршіндерді болашақта ата дәстүрін сақтайтын инабатты да ибалы, үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы. Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам – оның ата-анасы. Кейбір ата-аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді. Ал мұндай көріністер баланың бойында жағымсыз қасиеттің пайда болуына тікелей себеп болып жатады. Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын, дүние жұмбақтарын танытып, тағылым-талғамға, әдептілікке баулуы тиіс. Себебі ата-ананың күнделікті тіршілігіндегі еңбегі, адамның бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы – балаға үлгі. Сондықтан да кез келген бала, ең алдымен, ата-анасынан үлгі алады.
Ұлттық-сана сезімін тәрбиелеу, денсаулығын түзету, бала тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін білу жөніндегі дағдыларын қалыптастыру мектепке дейінгі мекемелерге берілген. Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы – балабақша. Балабақшада халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейміз. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының бес саласының әр бөлімдеріндерінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде салт-дәстүрдің барлық түрлерін баланың бойына сіңірудеміз. Мысалы: тұсау кесу, бесікке салу, тілашар, т.б. Бүгінде жас ұрпақтың сана-сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентайынан қалыптастырамыз.

Мақпал БЕКТИЯРОВА, 
"Нұрлы Сенім-С"
04 сәуір 2025 ж. 253 0