№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаста берген тәрбие – Жас шыбықты игендей

Жаста берген тәрбие – Жас шыбықты игендей


Тәуелсіз елімізде ұрпақ тәрбиелеу мәселесінде білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде жұмыстар атқаруда. Сондай үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы саналатын балабақша ұйымының маңызы зор. Бүлдіршіндерді болашақта инабатты да ибалы, үлкенкішіні сыйлай білуге баулу ата-ана мен балабақша тәрбиешілерінің басты міндеті.

Әуелі «бала үшін ата-ана кім?» деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Ата-ана бала үшін мына әлемдегі ең мәртебелі адам. Баланың өзін еркін сезінетін ортасы – өз үйі. Осы орайда бүлдіршіннің дамуында атаананың отбасындағы орны мен қарым-қатынасы ерекше. Сондықтан әке-шеше жанұяда қолайсыз жағдайларды болдырмаудың жағдайын жасауы керек. Мұндай жағдай баланың жүйке-жүйесіне әсер етеді. Бірақ бұл баланы шектен тыс еркелетіп, бетін қақпай өсір деген сөз емес. Қайта балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын түсіндіре отырып, әдептілікке баулу керек. Себебі күнделікті өмірде әке-шешенің әрбір іс-қимылы балаға үлгі. Егер баламен сөйлесерде дөрекілік танытпай, жеке басын қорламай, мейірімді, ақылды сөздер айтып, өнеге бола білсе, ата-ана берген тәрбиесінің жемісін көрмек.

 Дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру қазіргі заманда қоғамның негізг мәселесі болып тұр. Демек, жас жеткіншектің ана тілін толық меңгеріп, ұлттық сана-сезімін оятып, түрлі әдістәсілдерді тәрбие құралы ретінде бала бойына сіңіруде мектепке дейінгі мекемелердің орны ерекше. Соның ішінде қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы – балабақша. Бұл жерде имандылық пен адамгершілікті бала бойына сіңіре отырып, дүниетанымын кеңейту мақсатында тәрбиелейді. Сонымен қатар жас ұрпақтың сана-сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастыру тәрбиешілер мен ата-ананың парызы. Осы тұрғыда жанұя мүшелері балабақша ұжымымен тығыз байланыста болуы керек. Бұл бала тәрбиесінің жоғарылауына ықпал етеді. Бұдан шығатын нәтижеде бүлдіршін өміріне, болашағына ата-ана мен тәрбиешінің жауапкершілігі артады. Қоғамда «қиын бала» мәселесін болдырмау үшін бүлдіршіндермен балабақша табалдырығынан бастап шынайы ашық та жанашыр қарым-қатынаста жұмыс жасау үйлесімді келешектің кепілі.

 Балабақша – бала бойына алғашқы білім дарытатын ұйым болса, тәрбиеші – жол көрсетіп, жетелеп, үйретуші. Яғни бөбекжайдың негізгі міндеті баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл кезең бүлдіршіннің ақылойының дамуы мен даярлығы үшін қолайлы. Оқу мен тәрбиені қатар ұштастырып, мінез-құлқының негізі қалыптасатын уақыт.

 Еліміздің ертеңі болар ұлағатты ұрпақ өсіру әуелі жас өркенді отансүйгіштікке тәрбиелеуден басталады. Олай болса, бала бағбандары қазақ елінің болашағын тәрбиелеп келе жатқандығын шынайы сезінеміз. Тек тәрбиешілер осы сенімге селкеу түсірмей, бала ойын дамытуда, ұлт болашағы үшін алаңдайтын ұрпақ тәрбиелеуде ата-анамен бірлесе отырып жұмыс жасауы керек.

Қарлығыш ӘЛІМБЕТОВА,
№5 «БАЛҒЫН» балабақшасының тәрбиешісі
10 тамыз 2022 ж. 769 0