№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Бала – келешегіміздің кепілі

Бала – келешегіміздің кепілі

Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде жұмыстар атқаруда. Сондай үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы саналатын балабақша ұйымының маңызы зор.  Ал бүлдіршіндерді болашақта ата дәстүрін сақтай отырып, инабатты да ибалы, үлкен-кішіні сыйлай білуге үйретіп тәрбиелеу ата-ана мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы.
Әуелі «бала үшін ата-ана кім?» деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Ата-ана бала үшін мына әлемдегі білімді де мәртебелі адам. Баланың өзін еркін сезінетін ортасы өз үйі. Осы орайда бүлдіршіннің дамуында ата-ананың отбасындағы орны мен қарым-қатынасы ерекше. Сондықтан әке-шеше жанұяда қолайсыз жағдайларды болдырмаудың жағдайын жасауы керек. Мұндай жағдай баланың жүйке-жүйесіне әсер етеді. Бірақ бұл баланы шектен тыс еркелетіп, бетін қақпай өсір деген сөз емес. Қайта  балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын түсіндіре отырып, әдептілікке баулу керек. Себебі күнделікті өмірде әке-шешенің әрбір іс-қимылы балаға үлгі. Егер баламен сөйлесерде дөрекілік танытпай, жеке басын қорламай, мейірімді, ақылды сөздер айтып, өнеге бола білсе, ата-ана берген тәрбиесінің жемісін көрмек.
Дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру қазіргі  заманда қоғамның негізгі мәселесі болып тұр. Демек, жас жеткіншектің ана тілін толық меңгеріп, ұлттық сана-сезімін оятып, түрлі әдіс-тәсілдерді тәрбие құралы ретінде бала бойына сіңіруде мектепке дейінгі мекемелердің орны ерекше. Соның ішінде қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы – балабақша. Бұл жерде имандылық пен адамгершілікті бала бойына сіңіре отырып, дүниетанымын кеңейту мақсатында тәрбиелейді. Сонымен қатар жас ұрпақтың сана сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастыру тәрбиешілер мен ата-ананың парызы. Осы тұрғыда жанұя мүшелері балабақша ұжымымен тығыз байланыста болуы керек. Бұл бала тәрбиесінің сәл де болса сапасының жоғарылауына ықпал етеді. Ал бұдан шығатын нәтижеде бүлдіршін өміріне, болашағына ата-ана мен тәрбиешінің жауапкершілігі артады. Қоғамда қиын бала болдырмау үшін бүлдіршіндермен балабақша табалдырығынан тікелей қарым-қатынаста жұмыс жасау үйлесімді келешектің кепілі.
Балабақша - бала бойына алғашқы білім дарытатын ұйым болса, тәрбиеші - жол көрсетіп, жетелеп, үйретуші. Яғни бөбекжайдың негізгі міндеті баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл кезең бүлдіршіннің ақыл-ойының дамуы мен даярлығы үшін қолайлы. Осы кезең оқу мен тәрбиені қатар ұштастырып, мінез-құлқының негізі қалыптасатын уақыт.
Еліміздің ертеңгі болашағын жетілдірудегі жігер алдымен бүлдір­шіндерді отансүйгіштікке тәрбиелеуден басталады. Иә, балаларды тәрбиелей отырып, ата-ана еліміздің болашақ тарихын, демек, дүниенің де тарихын тәрбиелейді. Ал біздер тәрбиешілер осы сенімге селкеу түсірмей, бала ойын дамытуда, ұлт болашағы үшін алаңдайтын ұрпақ тәрбиелеуде ата-анамен бірлесе отырып жұмыс жасауымыз керек.
Индира ТҰРАБАЕВА
«Болашақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

29 ақпан 2020 ж. 849 0