№58 (8872) 5

05 тамыз 2025 ж.

№57 (8871) 2

02 тамыз 2025 ж.

№56 (8870) 29

29 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ


Бүгін Жаңақорған аудандық мәслихат аппаратының мәжіліс залында кеңес отырысы өтті. Жаңақорған аудандық мәслихатының 31.03.2025 жылғы №02-01-15 өкімімен Жаңақорған аудандық Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді. Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысымен қоғамдық кеңестің төрағасы болып ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Даулетбек Қалыбаев сайланды.

Осыдан кейін жұмысшы топ төрағасы Ерғали Оразбековтың төрағалығымен күн тәртібіне сәйкес қоғамдық кеңес Ережесі, комиссия төрағалары мен мүшелері бекітілді. Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысымен комиссия төрағалары болып Аллаберген Ахметов, Сермұхамед Оразгелдиев және Нұрхан Айдаров сайланды.

Кеңес төрағасы Даулетбек Қалыбаев кеңес мүшелеріне сенім білдіріп, қолдау көрсеткендеріне алғысын жеткізді. Алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқаратындығын және бекітілген жаңа құрамның жұмысына сәттілік тіледі.
31 наурыз 2025 ж. 300 0