ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

-Қызылорда облысы аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 7,0 млн. гектарды құрайтын болса, оның 3,8 млн. гектары орманды алқаптар. Мемлекеттік орман қоры жерлерінің аумағында былтыр 69 га құрайтын 14 өрт оқиғасы тіркелген болатын. 18 наурызда облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналиновтің төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. Жиын барысында өзекті мәселелер қаралып, тиісті мекемелерге тапсырмалар берілді. Қала және барлық аудандарда жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік өртке қарсы қызметі, орман шаруашылығы және полиция қызметтерімен бірлесіп 25 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Қазіргі таңда 2025 жылға өрт қауіпті кезеңде профилактикалық шаралары жүргізілуде және қатаң бақылауда тұр, - деді Асхат Плалұлы.