Соңғы жаңалықтар

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ОБЛЫСТА 28 ГЕКТАРДЫ ҚҰРАЙТЫН 7 ОРМАН ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ

ОБЛЫСТА 28 ГЕКТАРДЫ ҚҰРАЙТЫН 7 ОРМАН ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ


Биыл облыста 7 өрт оқиғасы тіркеліп, 28 гектарды құрайтын орманды алқап өртенді. Орын алған жағдайдын үшеуі Жалағаш ауданында тіркелді. Қазіргі таңда нақты тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы келтірілген шығын көлемі – 55,5 мың теңгені құрады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов хабарлады.
-Орын алған жағдайларға байланысты ішкі істер органдарына тиісті құжаттар жолданды. Өрт болған жердің 22 гектары орманды, 5,1 гектары ормансыз алқаптар екені анықталды. Дала өртінің алдын алу және болдырмау мақсатында 9 дана өрт сөндіру көлігі мен 53 тұрақты өртсөндірушілер қызмет атқарады, - деді басқарма басшысы Бауыржан Шаменов.
Өңірде өрт қауіптілігі аса жоғары 51 754 гектар орманды алқап бар. Бұл Сырдария
 Өзені жағалауындағы тоғайлық жерлер болып табылады.
- Биыл облыс бойынша дала өртінің алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Орман өртінің негізгі себебі – найзағайдан, күннің күрт ысуынан, темекі тұқылын сөндірмеуінен орын алады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы құрылымдарының көктемгі егіске дайындық барысында өрт жайылып кетуі мүмкін, - деді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Айбек Жолақанов.
-Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері орманды алқаптарда болатын өрт оқиғаларына жіті бақылау жүргізеді. Осы жылы болған 7 өрттің біреуі мемлекеттік өрт сөндіру қызметі арқылы сөндірілсе, қалғаны орман шаруашылығының құралдары арқылы жойылды, - деді Облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Бақтияр Тұрманов.
04 мамыр 2022 ж. 389 0