Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыр өңірінде туризмге өріс кең

Сыр өңірінде туризмге өріс кең


Апта басында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалағымен өткен әкімдік мәжілісінде Үкімет отырысында талқыланған туризмді дамыту және өрт шығу қаупі бар кезеңге дайындық туралы мәселелер қаралды. Елімізде туризмді дамыту мемлекеттік қолдауға ие. Өйткені ол арқылы халықтың экономикалық жағдайын дамытып, әлеуметтің әлеуетін тіктеуге мүмкіндік туады. Міне, сондықтан да мемлекет тарапынан туризмді қолдауға басым көңіл бөлінуде. Туризм қызметі туралы заң аясында мемлекеттік қолдау шаралары туралы нақты міндеттер айқындалды. Өткен жылы елімізде туризм саласын дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Осындай бастамалар мен реформалар аталған саланың дамуына тың серпін берері айқын.


Аймақ басшысы еңірімізде туризм саласы бойынша орындалуға тиісті өзекті мәселелерге тоқталды. 2023 жылдың қорытындысымен туризм саласында нысаналы индикаторлардың орындалу көрсеткіші бойынша Сырдария, Жаңақорған, Шиелі аудандары әкімдіктері тарапынан 2021-2025 жылдарға арналған Қызылорда облыстық даму жоспарына сәйкес белгіленген меже орындалмағанын сынға алды. Туристер мен төсек орындарына байланысты Шиелі ауданы басшылығының берген жауабынан білгеніміз, мәліметтер ақпараттық жүйеге тіркелмеген, статистикалық есепке алынбаған. Жаңақорған ауданында да көрсеткіш төмендігі нақты деректердің электронды жүйеге енбеу фактілерінен орын алып отырғаны белгілі болды.
Жалпы соңғы жылдары туризм саласына салынған инвестиция көлемі 20 млрд теңгені құрап, жоспар 240 пайызға артығымен орындалды. Биылғы меже облыстың даму бағдарламасы шеңберінде 19 млрд 700 млн теңге болып бекітілді. Бірінші тоқсанның қорытындысымен орындалу көрсеткіші 4,6 млрд теңгені құрап отыр. Әр салаға инвестиция тарту әкімдер жұмысының ең негізгі көрсеткіші, осы бағытта Арал, Сырдария, Жалағаш, Шиелі аудандары басшылығына жұмысты ширатуды тапсырды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселеге келсек, облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 7 млн гектарды құрайды. Жыл басынан бері орман қоры жерінде 26 мың гектарды құрайтын 9 өрт оқиғасы тіркелген. Өрт оқиғалары әлі де орын алып келеді. Баршамызға белгілі, Қостанай, Абай обылстарында болған орман өрттеріне байланысты Мемлекет басшысы нақты шаралар қабылдады. Бірінші кезекте орман шаруашылығы мекемелерін матариалдық-техникалық жарақтандыру мәселесіне нақты көңіл бөлініп отыр. Облыс аумағында өрт оқиғаларын болдырмау, алдын алуда мүмкіндіктер жеткілікті. Бұл бағытқа 2022 жылдан бері 1 млрд 544 мың теңге бөлінген. Сонда да болса дала өрттерінің алдын алу жұмыстары мардымсыз. Бұл жөнінде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сермағанбетов баяндады.
Егістік технологиясы ережелері бойынша күріш алқаптарын өртеу жұмыстары жүреді. Осы ретте алаудың өртке ұласып, ол есепке тіркеліп кетуінен де көрсеткіш күрделеніп кетуі мүмкін. Облыс басшысы бұл жұмыста мұқият болуды ескертті.
Өрт сөндіру бөлімдеріне қандай техника керектігі нақтыланып, көлік тұрақтарын салу мәселесін жан-жақты зерттеу қажет. Сонымен қатар құрғақшылық салдары орман және дала өрттеріне жол ашуы мүмкін. Сондықтан ауа райын үнемі бақылап, тиісті шараларды сақтау ескертілді.
Қазір облыс бойынша жергілікті атқарушы органдар есебінен жалпы 28 өрт сөндіру бекеті құрылған. Бекеттер 98 елді мекенді өрт қауіпсіздігінен қорғайды. Осы бекеттердің өрт сөндіру құраларымен қамтамасыз етілу жағдайы қалай?
Аймақ басшысы елдімекендерде кезең-кезеңімен өрт сөндіру бекеттерін ұйымдастыруды қолға алу, оларды талапқа сай жабдықтау, өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде құрылған бекеттерді қажетті өрт сөндіру құрал-жабдықтарымен жарақтандыруды бақылауға алуды тапсырды. Бұл бағытта полиция басқармасы және төтенше жағдай жөніндегі бөлімдер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жұмыс атқаруға тиіс. Нақтылап айтқанда, тұрғындарға жаз маусымында өзен-көл, жағажайда суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, белгіленген жерлерге ғана баруды жүйелі насихаттау маңызды. Ал тыйым салынған орындарға кезекшілік қойылуы қажет.

Баян ҮСЕЙІНОВА
18 мамыр 2024 ж. 208 0