№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Адам жанының жанашыры

Адам жанының жанашыры


Мейірбике – науқастың саулығына дәрігермен бірдей жауапкершілікпен қарайтын денсаулық жанашырының бірі. Дәрігер емінің нәтижелі болуы медбикенің ем-домды уақытылы көрсетіп, өз міндетін жауапкершілікпен атқаруына тікелей байланысты екені анық. Осы орайда, ақ халаттылардың айнымас серігіне айналып, науқастардың дертіне дауа дарытуға атсалысып жүрген денсаулық сақшысының бірі ретінде Әлі Беназир Балтабайқызының еңбегін ерекше атауға болады.
Ол аудандық орталық аурухананың «Терапия» бөлімінде төрт жылдан бері қызмет жасап, өзіне жүктелген сенімді абыроймен арқалап жүрген адам жанының жанашыры. Қызылорда қаласындағы мемлекеттік  медициналық колледжді бітіргеннен кейін аудандық аурухананың терапия бөліміне мейірбике болып қызмет етуде.
Медбикенің жұмысына ең қажет нәрсе өз ісіне деген адалдық және науқас­тарға мейіріммен қарау. Ең абзал қызмет иелерінің «мейірбеке» деп аталуы сондықтан болар. Мамандықтың ішінде ең абыройлы да қасиеттісін таңдап, науқасты бай-кедей деп бөлмей, бәріне бірдей көзқараста болып, отбасы мен жұмысын қатар алып жүрген кейіпкеріміз өз ойымен бөлісті.
– Жалпы, аурухана ісінің оңайы жоғы белгілі. Десе де, терапияның көтерер жүгі ауыр. Өйткені, бұл жерге көбіне ауыр дертке шалдыққан науқастар түседі. Осы уақытқа дейін қызмет барысында көп оқиғаны бастан өткердік. Мұндай жауапкершілігі жоғары қызметті арқалап жүрген бөлім медбикелері мен тазалықшыларының еңбегі зор. Түрлі науқаспен жұмыс жасайтын болғандықтан қызметкерлерге ең бастысы – ептілік, мейірімділік, жанашырлық қажет. Осындай қасиеттің барлығы біздің қыздардың бойынан табылады, – дейді аға медбике.
Зерделесек әлемдегі медицина қызметкерлерінің жартысынан көбі мейірбикелер екен. Соған сай мей­ір­бикелердің денсаулық сақтау сала­сындағы қызметінің маңызы да зор. Өйткені емдеу ісінде біздің қызметіміз өте маңызды, жауапты, сондай-ақ асқан төзімділікті талап етеді. Олар адам денсаулығына қауіп төндіретін эпидемия, пандемиямен күресте де алдыңғы қатарда тұрады. Пациенттермен бірінші болып қарым-қатынас жасайтын емхана қызметкерлері екені анық. Бір сөбен айтқанда, мейірбикелер – медицина саласының ең үлкен әскері. Міне, осы салада қызметте жүрген жоғары санатты мейірбикенің бір күндік қызмет тіршілігі осындай қарбалас, халыққа табанды қызмет өтуде.
Науқасқа ең бірінші көрсетілер көмек – мейірім. Жаны, тәні ауырған жан дәрігер мен медбикелердің жылы сөзіне, қамқорлығына мұқтаж болады. «Мейірбике» деп аты айтып тұрғандай, мейірімді, ізетті болған дұрыс. Әрбір берген дәріні «ем болсын» деп табыстап, науқасқа күлімдеп тұрып, көмек көрсетіп, еммен ғана емес, сөзбен де шуақ сыйлай білу – нағыз кәсіби медбикенің міндеті. Осындай ұстанымды өмірлік қызметте алға қойған кейіпкеріміздің медбикелік болмысы көпке үлгі.
Бастысы, мамандығын сүйген кейіпкеріміз, тоғыз немересіне әжелік ақыл-кеңесін айтып, әулетінің ұйытқысына айналды. Міне, Беназар Балтабайқызын кейіпкер ретінде таңдап алғанымыздың себебі де осында…

Түйіндей айтқанда, медицинадағы ауыр жүкті арқалайтын негізгі буын ретінде Беназар Балтабайқызы сынды медбикелер науқастарға көмектесуді алдыңғы кезекке қоятын, олардың сапалы ем алуын тікелей қадағалайтын адам жанының жанашыры.

Әсел Рзаева

07 ақпан 2025 ж. 46 0