№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мейірбике– мейірім ісі

Мейірбике– мейірім ісі


Мейірбике – науқастың саулығына дәрігермен бірдей жауапкершілікпен қарайтын денсаулық жанашырының бірі. Дәрігер емінің нәтижелі болуы медбикенің ем-домды уақытылы көрсетіп, өз міндетін жауапкершілікпен атқаруына тікелей байланысты екені анық. Осы орайда, ақ халаттылардың айнымас серігіне айналып, науқастардың дертіне дауа дарытуға атсалысып жүрген денсаулық сақшысының бірі ретінде Құрбанкүл Азимханқызының еңбегін ерекше атауға болады.
Ол аудандық орталық ауруханада 20 жылдан аса қызмет жасап, өзіне жүктелген сенімді абыроймен арқалап жүрген адам жанының жанашыры. Түркістан қаласындағы медициналық колледжді бітіргеннен кейін аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне медбике болып орналасып, дәрігерлердің қасында шыңдалады. Кейіннен  аудандық емханаға аға әлеуметтік қызметкер болып ауысады.
Бөлім құжаттарымен айналысып, басшылармен жұмыс жасайтын аға мейірбикенің жауапкершілік жүгі ауыр. Өйткені, өзі басшылық етіп отырған медбикелер мен тазалықшылардың міндеттерін реттеп, жұмыс кестесі мен тәртібін қадағалап, қол астындағы қызметкерлерді науқасты күтіп-баптауға үйрету тікелей соның жауапкершілігінде. Сонымен қатар, жұмыс сапасын арттыру, шаруашылық бөлімді қадағалау, дәрігердің нұсқауларын сапалы орындау мен қажетті дәрілерге ұсыныс жасап, оларды мейірбикелерге уақытылы бөліп отыру да мейірбикенің құзіретіндегі іс.
– Жалпы, аурухана ісінің оңайы жоғы белгілі. Десе де, хирургияның көтерер жүгі ауыр. Өйткені, бұл жерге көбіне ауыр дертке шалдыққан науқастар түседі. Осы уақытқа дейін қызмет барысында көп оқиғаны бастан өткердік. Мұндай жауапкершілігі жоғары қызметті арқалап жүрген бөлім медбикелері мен тазалықшыларының еңбегі зор. Түрлі науқаспен жұмыс жасайтын болғандықтан қызметкерлерге ең бастысы – ептілік, мейірімділік, жанашырлық қажет. Осындай қасиеттің барлығы біздің қыздардың бойынан табылады, – дейді медбике.
Оның сөзінше, қазір бөлімде сегіз мейірбике, он тазалықшы жұмыс жасайды. Міне, осындай асыл қасиет бүгінгі кейіпкеріміздің тұла бойына сіңіп, болымыс-бітімінен орын тапқандай.
– Құрбанкүл Азимханқызының ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Оған жұмыс барысында куә болып жүрміз. Өз ісіне үлкен жауаптылықпен қарап, ыждағаттылықпен атқарады. Дәрігер ретінде ол кісінің атқарған жұмысына көңілім толады, – дейдіәріптестері.
Түйіндей айтқанда, медицинадағы ауыр жүкті арқалайтын негізгі буын ретінде Ашимова Құрбанкүл сынды медбикелер науқастарға көмектесуді алдыңғы кезекке қоятын, олардың сапалы ем алуын тікелей қадағалайтын адам жанының жанашыры.

Жамила Ермахан

10 қазан 2023 ж. 42 0