Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ЖАҢАҚОРҒАН ЖАСТАРЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІН АТАП ӨТТІ

ЖАҢАҚОРҒАН ЖАСТАРЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІН АТАП ӨТТІ



Бүгін Жаңақорған ауданы қоғамдық даму бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ және “AMANAT” партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен 17 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні атап өтілді.
Іс-шара барысында бір топ жастар ұлттық нақыштағы киімдерімен аудан орталығындағы көше бойларын жағалап ән шырқап, жаңадан отау құрған отбасымен бірге Құм сағат орнына барды. Жас отбасыға ақ сақалды қарияларымыз ақ батасын беріп, ұлттық салт - дәстүрлер паш етіліп, шаңырақтың мәні мен мағынасы туралы тағылымды әңгімелер айтылды.
Шара барысында ақ дастархан жайылып, аудан тұрғындарына “жыл көжесі” берілді.
Бұл күн қазақстандық өнер мен дәстүрді дәріптеп, мәдени мұрамызды кеңінен насихаттауға арналды.
Өнерді ұлықтап, ұлт құндылығын сақтайық!
17 наурыз 2025 ж. 208 0