Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 530

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Тарихымды танып білгім келеді

Тарихымды танып білгім келеді



Бүгін Жаңақорған ауданы қоғамдық даму бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ әлеуметтік тапсырысы аясында, "Қызылорда облысының жастар одақтары" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жаңақорған жастары тарихи орындарға экскурсияға шықты.
Экскурсияға тарихқа қызығушылығы жоғары сынып мектеп оқушылары, жұмыссыз жастар қатысты. Бұл жолғы экскурсияда аудан жастары тарихы мол тағылымды орталарды көруге Хорасан ата, Төлегетай - Қылышты ата кесенелері мен Ақтас мешіті, Айқожа ишан кесенесімен танысты. Тарихи танымдық экскурсия барысында аудандық музей қызметкері Құралай Дармен киелі жерлер туралы жастарға көптеп мағлұмат беріп, көкейдегі сауалдарына жауап берді.
31 шілде 2023 ж. 558 0