№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Наурыз мерекесінде Қызылордада 700-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады

Наурыз мерекесінде Қызылордада 700-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады

 
Аймақтың мәдениет ұйымдарында Наурыз мерекесі 14-наурыз күні басталады. Көрісу күнінен бастап Ұлыстың ұлы күніне дейін тақырыптық шаралар өткізіледі. Сәйкесінше, Наурыз мейрамының құндылықтарын дәріптеуге, насихаттауға арналған 700-ге жуық мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Қазбекова мәлімдеді.
Облыс кітапханалары мен музейлерде ашық есік күндері, тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, музейге келушілер этнографиялық залдарда салт- дәстүрлерімізбен танысуға мүмкіндік алады. Музейлер 16 және 22 наурыз күндері тегін қызмет көрсетеді.
- Арнайы бекітілген тұжырымдама бойынша 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүрлер күні. Бұл күні Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, креатив суретші Дәулет Тойшыбавтың «Кілем арт» атты заманауи кілем бетіне сурет салу өнер көрмесі, «Анаға тағзым» орталығында салт-дәстүрден рәсімдер, «Ақмешіт» музейі филиалында «Ұлы даланың ұлық мерекесі» атты мерекелік шара, Н.Бекежанов атындағы театрда балалар қойылымы және барлық мәдениет ұйымдарында ұлттық салт-дәстүрді насихаттауға бағытталған іс-шаралар, мәдениет үйлері мен клубтарда ұлттық фильмдердің көрсетілімдері өткізіледі. 18 наурыз – Ұлттық киім күнінде «Анаға тағзым» орталығында «Этно FASHION» ұлттық киімдерден сән үлгісі фестивалі, Отбасы орталығында ұлттық киімдер дефилесі өткізіліп, әлеуметтік желілерде ұлттық киімдерді дәріптеу үшін арнайы челленджер ұйымдастырылады. 22 наурыз күні негізгі шара Тараз қаласы көшесі бойында өткізіледі. Осы Наурыз мерекесінде Өнер орталығының алдында «Руханият ауылы» ұйымдастырылып, онда басқармаға қарасты мекемелер киіз үйлер тігіп, креативті қолөнер шеберлерінің сауда көрмелері, музей, кітапхана, архив салалары бойынша тақырыптық көрмелер, ұлттық киімдерден дефиле, салт-дәстүрлерден көріністер, жыршы-жыраулардың, дәстүрлі орындаушылардың концерті өтеді,-деді Мира Жомартқызы.Айта кететін жайт, биыл Байқоңыр қаласында мемлекеттік және ұлттық мерекелерді өткізу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Осы орайда, 23 наурыз күні Байқоңыр қаласында өтетін Наурыз мерекесінде облыстық филармонияның концерті ұйымдастырылады.
14 наурыз 2024 ж. 294 0