№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

№39 (8853) 27

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Келінтөбе: бүгіні мен болашағы

Келінтөбе: бүгіні мен болашағы


Ауылдарға сапарымыз Сыр беткейдегі елді мекендермен жалғасты. Бұл жолғы бағытымыз нағыз аграрлы саланың қазаны қайнаған ауылға бұрылды. Өйткені, елді мекен тек төрт түлікті емес, егін шаруасын да ширатып, молырақ өнім алуға аса мән беріп келеді. Оған климаттық жағдай мен аяқсудың болуы басты себеп. Кезекті сапарымызда тарихы ерек, киелі шаһар Келінтөбені бетке алдық. 60 жылдық тарихы бар ауыл келбетінің кемел келешегі мен баянды болашағын елестететін жаңалықтар аз емес екен. Сонымен танысып, түйінді мәселелерін тарқатып көргенді жөн санадық.


Ауданның оңтүстігі, яғни Сыр өзенін бойлай қоныс­танған ауылдардың тіршілігі егін және мал шаруасымен біте қайнасып жатыр. Ерте көктемнен егін даласын баптап, ала жаздай тер төгіп, қара күзге дейін өнімді жинап алатын қызу еңбектің көркі осы. Оңтүстігінде Келінтөбе төбесі мен күншығысында Жыңғылдысай көлінің аумағына келіп қоныстанып, ежелгі аңыздың ізімен «Келінтөбе» атанған елді мекеннің бүгінгі әлеуеті артқанымен, шешілмеген түйткілдер де жоқ емес. Елді мекенге арнайы барып, ауылдың бүгіні мен келешегі жөнінде сұхбаттасып қайттық. Әкім Абылай Досжанов округтің әлеуметтік-экономикалық өсімі туралы әңгіме өрбітті.
– Былтырғы ең ауқымды жобамыз – ауылдың мерейлі 60 жылдық тойын өткіздік. Бұл да бір тарих. Алдымен жылдық бюджет және салық түсімінен бастайық. Былтыр ауылдық округ бюджеті 226 млн 810, 0 мың теңгені құрап, 2023 жылғымен салыстырғанда 0,8 пайызға артып тұр. Салықтық түсім өткен жылы 107 пайызға орындалса, былтыр 129 пайызға жетті. Ауылдың негізгі тіршілік көзі – егін саласы, егін шаруашылығы саласы бойынша 92 шаруақожалық, 1 ЖШС жұмыс жасайды. Биыл күріш егісі үшін судың жеткілікті мөлшерде болуына байланысты өткен 2023 жылғы межеден биыл 221 гектарға, жаздық бидай 7 гектар, мақсары 77 гектар және көкөніс 7 гектарға артық егілді. Қалған дақылдар бойынша ескі және жаңа жоңышқа егісінің азаюы байқалады. Биылға «Р-10» және «Р-10-1» су жүйесі (каналдар) теңгерімге алынып, екі ауыспалы егістен көлемі 1452,7 гектар тазалау жұмыстары жүргізілді. Мал шаруасынан да ісіміз нәтижелі.
– Жалпы, ауылдың инфрақұрылымдық бағыт-бағдарына тоқталсаңыз.
– «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасымен ұсынылған Ы.Алтынсарин, әл-Фараби, Т.Рысқұлов көшелері жарығын орташа жөндеу жұмыстарына 71 млн 695,5 мың теңге бөлініп, толық игерілді. М.Нұржігітов, Ш.Дүйсебеков бұрылысы, Ж.Арынғазиев, және Б.Момышұлы көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ М.Ералиева көшесі бойынан 410 метр аралық асфальтанып, жаяу жүргінші жолы (тротуар) салынды. Жоба-сметалық құжаттамасы және сараптамасы дайын спорт кешені құрылысына республикалық бюджеттен 50 млн теңге қаржы бөлініп, 2024 жылы құрылыстың 50 пайызы аяқ­талды. Ауыл ішіндегі 25 көшенің бағанасы мен желілерін және трансформаторларын ауыстыру үшін қаржы бөлі­ніп, толығымен аяқталды. Алдағы уақыттарда үйлерге қосу жұмыстары жүргізіледі. Ауызсуды тұрғындардың тұрақты пайдалануына жағдай жасау үшін су жинайтын қойманың сыйымдылығын көбейту және су жинайтын мұнараны ауыстыру, 1,2 шақырым ауызсу жүретін жүйені (водопровод) ағымдық жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 120 млн теңге қаржы бөлінді. Төртінші деңгейлі бюджет қаржысын пайдаланып клуб үйінің алдынан мерекелік шаралар өткізілетін алаңқай салынып, демеушілік қар­жының көмегімен 800,0 мың теңгеге М.Ералиева және М.Әуезов көшесінің 800 метр бөлігіне көше жарығын орнату үшін жоба-сметалық құжаттама мен сараптамасы жасалды.
– Ауыл келешегінің кемел болуы бүгінгі жастардың қолында емес пе? Жастар жөнінде айта кетсеңіз.
– Ауыл халқының саны төрт мыңға жақындады. Әрине, қуантады. Жылдан-жылға тұрғындардың өсімі байқа­лып келеді. Жастарға келсек, ауылдық округ бойынша жалпы жастар саны 1000-нан асып жығылады. Олардың белсенділігі көңіл қуантады, бүгінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар саны 175-ке жетсе, жас кәсіпкерлер саны 30-дан асты. Өзге елде еңбек етіп, нәпақасын тауып жүрген жастар жоқ емес, олар жиырмаға жуықтады. Шыны керек, мемлекеттен жастарға көптеген қолдау болуда. Әсіресе, шағын кәсіпкерлерге қолдау жеткілікті. Ауыл жастары шама-шарқынша тірліктерін дөңгелентіп келеді. Тағы бір қуанышты жаңалық, биыл заманауи үлгідегі спорт кешені пайдалануға беріледі. Былтыр сәуір айында құрылысы басталған кешеннің жарты жұмысы жобаланып қалды, енді жазға дейін бітсе нұр үстіне нұр болар еді.
– Биылғы меже қандай, шешімін таппай тұрған түйткілді мәселелерге де тоқтала кетсеңіз.
– Биылғы жылы да атқарылар шаруа қыруар. Ауыл ішіндегі мемлекеттік актісі жоқ көшелерге мемлекеттік акт алу қажет. Актісі бар А.Құнанбаев, Қ.Әбуов, Келінтө­бе көшелеріне диодты көше жарығын орнатуға, жоба- сметалық құжаттамасын дайындау жұмысы жүруде. Ме­рекелік іс-шара өткізетін алаңқай салу, жоба-сметалық құжаттамасының негізі дайын. А.Құнанбаев көшесіндегі спорт алаңын ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу, Ш.Дүйсебеков, С.Сейфуллин, А.Иманов көшелеріне тас төсеу де жоспары да бар. Ауылдың кіреберісіне ауыл­дың тарихы және рәміздер аллеясын орналастыруға жобалық-сметалық құжаттама жасатып, жүзеге асыру да жоспарлануда. Осы және өзге де шешілмей тұрған мәселелерді шешуге жұмыс жасалынатынын айта кетуіміз керек.
– Сұхбатыңызға рахмет!

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ

25 ақпан 2025 ж. 392 0