Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жастар белсенді болса...

Жастар белсенді болса...

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Мен жастарға сенемін...
Мағжан Жұмабаев жырлағандай елдің ертеңі, кемел келешегі, баянды болашағы жастардың қолында. Ертеңгі елдің еңсесін тіктеп, тәуелсіздігін тұғырлы, бірлігін бекем ететін де осы жастар. Сондықтан әкімдерін сайлауына жастардың да белсенді болғаны құба-құп. Сондай белсенді жас Көктөбеде тұратын Шекербек Асылбек есімді азамат. Ол әзірге сайлаушылардың ішіндегі ең жасы.
– Жасым – 21-де, бұл науқанның маңызды екенін білемін. Өйткені, жауапкершіліктің бір жүгі бізге де келеді. Ертең өзіміз сайлаған әкімге бағыт-бағдар, жол көрсетіп, қолдау білдіру де бізге сын. Сондықтан замандас, құрдастарымды белсенді болуға шақырамын. Шүкір, бүгінгі белес, алған асуымыз жаман емес. Осы бағытта жұмыс жасай берсек, егемендігіміз мәңгі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болары анық. Ендеше, сайлауға келіп, өз әкімімізді сайлап алайық, – деді ол.
Аядай ғана Көктөбе ауылының негізгі тыныс-тіршілігі мал және егін шаруасымен біте қайнасып жатыр. Ауыл халқының да айтары бар, еңс бастысы мәселе аяқ су мен интернет. Жаңа әкім бұл мәселелерді шешетініне сенімді.

25 шілде 2021 ж. 734 0